È

Дженнифер Лоуренс пен Даррен Аронофски айырылысты

Дженнифер Лоуренс пен Даррен Аронофски айырылысты

27 жасар актриса Дженнифер Лоуренс («Жолаушылар», «Икс адамдары») және 48 жасар режиссер Даррен Аронофски («Қара аққу», «Арман реквиемі») бір жылдық таныстықтан соң айырылысты. «Бұл ортақ шешім болды, екеуі әлі де достық қарым-қатынаста»,-деп хабарлайды E! News.

Бұрынғы жұптың сезімдері Аронофскидің «Анашым!» фильмінің түсірілімінде оянған еді, кинода Лоуренс басты рөлді сомдаған.

«Ол мені түсірілімге шақырған кезде, оған ес-түссіз ғашық болдым, бұл біз дайындықты бастамай тұрып, бір жыл бұрын болған еді. Бірақ, ол – кәсіби маман, ең соңында менің жүрегімді ауыртып кетті,-дейді актриса.- Екеуіміз дос болып қалдық. Ол менің қандай сезімде екенімді білетін, бірақ өзінің не сезетінін айтпайтын. Соны түсініп, қабылдадым. Екеуіміз жұмыс істей бастаған соң, достығымыз әріптестікке айналды. Фильмді аяқтағаннан кейін, «Жақсы, Сіз менің жігітімсіз» деуден басқа амалым қалмады.

Лоуренстің сөзінше, Аронофски режиссер ретінде - «тамаша коммуникатор». Оны «керемет образды» дей отырып, актрисалармен әңгімелесуін мақтады: «Оның әдісін өзі сияқты дәл көре аласыз. «Жақсы, мен солай жасаймын» деуден басқа амалың да болмайды. Ортақ нәтиже бар, бұл қуантарлық жағдай... Сонымен қатар, бостандықты сезіну де бар».

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер