Балалар киносының уақыты
Дәулет Ешжанов «Жұлдыз болғым келеді» фильмінің түсіріліміне кірісті. Сценарий мен идея авторы режиссердің өзі.
«Жұлдыз болғым келеді» шоу-бизнесті бағындырғысы келетін жас дарындар туралы. Картина жұлдызды балалардың алғашқы қадамдарын, балалар арасындағы достықты, балалардың өмірлеріндегі алғашқы сабақты көрсетеді.

«Фильм балалар аудиториясына арналған. Негізінде тәрбие, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, достық пен арман секілді түрлі тақырыптарға арналған фильмдер циклін әзірлеудемі», - дейді Даулет Ешжанов.
Ешжановтың айтуынша, әзірге стартта тұрғандары «Спортшы болғым келеді», «Сенім», «Менің досым Поника» және басқалар. Түсірілім т обы барлығы 15 фильм түсіруді жоспарлап отыр, әрқайсысының ұзақтығы 50 минут. Циклідағы алғашқы фильм «Балалық шақ», мұнда әр буынның балаларының арасындағы айырмашылық көрсетіледі.

«Барлық фильмдер отандық телеарналарда балаларға ыңғайлы уақытта көрсетіледі. Әзірге қай арнамен серіктес болатынымыз анықталған жоқ. Дегенмен фильмдерімізді бірден бірнеше арнада көрсетуге тырысамыз», - дейді режиссер.
Балалар киносының шеруі биылғы жылдың күзінде басталады.
Естеріңізге сала кетейік, режиссер әрі сценарист Дәулет Ешжанов «Тастаңды», «Өмiр жолы», «Жүрегінді бір тыңдашы» және басқа да фильмдері арқылы көрерменге жақсы таныс.
Әйгерім Қасқыр







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін