Бәрі де иллюзиялы
«Иллюзия обмана 2» бір аптада прокатта 40 039 990 теңге жинады. картинаның авторлары екінші фильм шықпай жатып, үшінші лентаны түсіруге дайындалып жатқандықтарын жариялаған болатын.
«Черепашки ниндзя» қарқынын аздап бсты, осы аптада 12 852 730 түсірді. Фильмдегі кейіпкерлердің бірі – Рокстедиді ирландиялық кәсіби рестлер Стефен Фаррелли орындады, оны бәрі Шеймус деп атайды.

«Варкрафт» фильмінен кадр
Шытырман оқиғалы фэнтези «Варкрафт» 10 215 050 теңге касса жинады. Мұндағы кадрларға бұрын «Аватар» және «Планета обезьян: Революция» фильмдерінде қолданылған технология пайдаланылды. Орктардың рөлін актерлер ойнады, картинаға арнайы жасалған ақру-жарақтарды қолданды.
Джеймса Бобиннің «Алиса в Зазеркалье» өткен демалыс күндері табысын тағы 4 798 400 теңгеге арттырды. Актерлер Стивен Фрай және Рис Иванс атақты із кесуші Шерлока Холмстың бауырының рөлін ойнады. Рис «Элементарно», ал Стивен «Шерлок Холмс: Игра теней» картинасында ойнаған болатын.

«Финансовый монстр» фильмінен кадр
«Финансовый монстр» триллері прокаттың екінші аптасында 1 954 800 теңге пайда тапты. Айта кету керек, лентаның түсірілім уақыты бірнеше рет артқа шегерілді. О баста түсірілім жұмыстары 2013 жылы басталады делінген, кейін Джордж Клуни «Да здравствует Цезарь!» фильміне түсіп бітуін күтіп 2014 жылға ауыстырылды. Нәтижесінде фильм тек 2015 жылдың ақпанында түсіріле бастады.
«Angry birds в кино» анимациялық фильмі қазақстандық көрерменді 1 277 200 теңгеге қуантты. Құстар аралындағы би кешінде диджей пультін Duft Punk музыкалық дуэтіне еліктеген торайлар ұстады.

«Люди Икс: Апокалипсис» фильмінен кадр
«Люди Икс: Апокалипсис» өзінің авторларына өткен демалыста бар болғаны 830 290 теңге табыс әкелді. Түсірілім алдында актриса Софи Тернер Фамке Янссен ойынын үйренді. Ол алдыңғы фильмдерде Джин Грейдің рөлін ойнаған болатын.
«Сезон охоты: Байки из леса» әлі де сұрпанысқа ие, алайда кассалық жиыны бар болғаны 366 400 теңге. Итальялық-француздық фильм «Большой всплеск» 291 700 теңге табыс түсірді. Ресейлік картина «Чистое искусство» 192 350 теңге тапты. «Проклятие спящей красавицы» - 71 100 теңге. Ресми прокат уақыты баяғыда аяқталған «Кунг-фу Панда 3» мультфильмі 17 100 теңге түсірді.
Тақырып бойынша:






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін