È

Жазғы кинотеатрдың екінші көрсетілімін 1000-нан астам көрермен тамашалады. Фоторепортаж

Жазғы кинотеатрдың екінші көрсетілімін 1000-нан астам көрермен тамашалады. Фоторепортаж

Өткен жексенбіде Алматы Ботаникалық бағының үйеңкі алаңына қаланың 1000-нан астам тұрғыны жиналды. Оған жазғы кинотеатрдың ұйымдастыруымен болған Нұртас Адамбайдың «Келінка Сәбина» және «Келінка Сәбина 2» фильмдерінің көрсетілімдері себеп болды.

Алғашқы көрсетілім аншлаг жинағандықтан, ұйымдастырушылар алаңды кеңейтуді жөн көрді. Екінші көрсетілім Ботаникалық бақтың үйеңкі алаңында өтті. Ашық аспан астындағы киноны көруге 1000-нан астам көрермен келді. Күннің салқындығына қарамастан, келушілер жылы көрпешелерге оранып алып, достарымен және жақындарымен бірге комедиялық фильмдерді тамашалаған.

Естеріңізге сала кетсек, жаңа мәдени шараның бас демеушісі әрі ұйымдастырушысы – Қазақстан Халық банкі аясындағы «Халық» қайырымдылық қоры. Сонымен қатар, жазғы кинотеатрдың ұйымдастыруына «Басты Ботаникалық бағының даму қоры» қоғамдық қоры, «Ботаника және фитоинтродукция институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны КН ҚР БҒМ және «Бродвей» кинопорталы атсалысты.

Арнайы дайындаған фоторепортажымыздан өздеріңізді іздеп көріңіздер. Егер тапқан болсаңыз, фотосуреттерді #halykfund, #botsad, #brodkz хэштегтерімен белгілеуді ұмытпаңыздар.

 

 

Суреттер: Ахат Бектұрғанов

 

Суреттер үшін «Тұран» университетінің «Кино және телевидение академиясы» факультетіне алғыс білдіреміз.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер