È

New York Film Academy оқу орнын бітірген қазақстандықтар

 New York Film Academy оқу орнын бітірген қазақстандықтар

Адам өмірінің маңызды кезеңдерінің бірі жоғары оқу орнында білім алуы, білім ордасында адам білім мен тәжірибе жинақтайды. Киоөнермен өмірін байланыстырғысы келетіндер үшін таңдау жасау оңай емес. Бүгінде есігі айқара ашық жүздеген киномектептер бар. Әлемдегі ең үздік мектептердің бірі New York Film Academy, біздің отандастырымыздың біразы осы оқу орнының табалдырығын аттаған. Солардың шығармашылықтағы жетістігі арқылы акаедмияның білім сапасын және маманға беретін мүмкіндіктерін бағамдауға бооллатын секілді.

Отандық режиссер Асқар Бисембин Нью-Йорк кино академиясының магистратурасын кинорежиссура бойынша тәмамдады. Бүгінде ол еліміздегі белсенді режиссері әрі сценарисі, ол біршама белгілі картиналарды түсіріп үлгерді, айталық «Свадьба на троих», «Адель», «Замуж в 30» және «Наурыз.kz». Асқар Skinny man production студиясының жетекшісі.

Режиссер, сценарист әрі продюсер Фархат Шәріпов NYFA қабырғасында тәжірибе жинақтады, ол режиссура, продюсерлік, сценарлық және актерлық шеберлік бойынша білігін жоғарлатты. Режиссер кәсіби маман ретінде 3 жоба түсірді. Олардың арасында «Сказ о розовом зайце» картинасы көпшілікке танымал, осы фильм үшін Фархат «Құлагер-2010» жүлдесін «Үздік режиссерлық жұмыс» номинациясы бойынша жеңіп алды. Қазіргі таңда кинематографист уақытша атауы «Дикра» деп аталатын толықметражды фильм түсіріп жатыр.

Тек Қазақстанда ғана емес, шетелдерде де танымал актриса Әсел Сағатова Лос-Анджелестегі NYFA түлегі. Отандасымыз өз кезінде актерлық шеберлік бойынша қысқартылған курстар оқыды. Актрисаның фильмографиясына 10 фильм бар. Олардфң кейбірі шетелдік фильмдер: ресейлік мелодрама «Ирония любви» және армяндық комедия «Ход конём». Әсел Сағатова Тимур Бекмамбетовтың «Астана-2010» фестивалінде «Жыл жаңалығы» атағын алған, 2012 жылы «Халықтың сүйіктісі», 2013 және 2014 жылдары «Жыл актрисасы» атағын жеңіп алды.

Жас режиссер Медет Шаяхметов Нью-Йоркск академиясын «Кинорежиссура» мамандығы бойынша бакалаврды бітірді. Жас режиссер көптеген музыкалық жобаларды, «Escape» (2014) және «Brothers» (2016) қысқаметражды фильмдерді түсірді. Sedona International Film Festival кинофестивалінің қатысушысы.

Продюсер Сабина Күзенбаева еліміздегі ең ірі кинотеатрлар желісі Chaplin Cinemas негізін қалаушылардың бірі. 2009 жылы ол кинотеатр желіінің бас директоры болды, ал 2015 жылдан бастап продюсерлікпени айналыса бастады. Өз кезінде ол академияда кино және ТВ продюсерлігі бойынша білім алған. Сабина Ануар Райбаевтың «Лавэ» фильмінің продюсері және Гаухар Нұртастың «Тоқал» драмасының идея авторы.

Актер әрі режиссер Олжас Нұрбаев та Нью-Йорк кино академиясының түлегі. Ол «Кино және медиа режиссурасы» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған. Биыл ол халықаралық кинофестивальдарға қатысып үлгерді.Оның оқып жүргенде түсірген «The Boon» қысқаметражды фильмі Barcelona Planet Film Festival байқауында «Үздік режиссёр»номинациясын жеңіп алды, сондай-ақ Hollywod Screenings Film Festival и Canada's World International Film Festival үздік қысқаметражды фильмдер номинанты атанды.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Askhat

26 наурыз 2017, 12:49

Из всех только про Шаяхметова знал что он окончил NYFA, неплохие музыкальные клипы снимает кстати Медет

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер