È

«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильміндегі көріністер бейнеленген пошта маркасы шықты

«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильміндегі көріністер бейнеленген пошта маркасы шықты

«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильміндегі көріністер бейнеленген пошталық марка жарыққа шықты. Тақырыптық марканы қазақ анимациясының 50 жыл толуына орай «Қазпочта» арнайы шығарған, деп хабарлайды «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметі.

Пошталық маркалар «Естелік және мерейтойлық даталар» сериясы бойынша 6 мың данамен шығарылды. Ерекше сыйлықты ҚР Ұлттық банкі де дайындап қойыпты, ол құны 500 теңгелік күміс тиынды шығарды. Тиында ұлттық өрнектерден бөлек, «1967» саны, яғни отандық алғашқы мультфильмнің шығу күні бейнеленген.

«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» - режиссер Әмен Хайдаровтың 1967 жылы Мәскеуде таныстырылған анимациялық картинасы. Мультфильмді әлемдегі 48 елдің тұрғындары тамашалады, ал 1975 жылы ол Нью-Йорктегі ХКФ-де көзге түсіп, «Қола праксиноскоппен» марапатталды. Сондай-ақ, Әмен Әбжанұлының жұмысы отанымызда ерекше қадірленді: анимация Ленинградтағы III Бүкілодақтық кинофестивалінің жүлдесіне ие болды.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Даник

15 января 2018, 18:19

Керемет!!!

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер