Астанада XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтеді
22-28 шілде аралығында Астанада XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтеді. Фестиваль Астанада екінші рет өткізілейін деп отыр. Алғаш рет «Еуразия» ХКФ Астанада өзінің бесжылдығында және астананың онжылдығында 2008 жылы өткізілген болатын.
«Еуразия» Халықаралық кинофестивалі – алғаш рет 1998 жылы ұйымдастырылған Орта Азиядағы ең ірі киножаңалық. Ол Халықаралық кинопродюсерлер Қауымдастығы Федерациясымен тағайындалған (FIAPF). Фестивальдің басты мақсаты – Қазақстан киноөндірісін қолдау және Азия мен Еуропа арасындағы мәдени байланысты нығайтуға бағытталған платформа құру. Фестивальде жыл сайын байқаудан тыс жұмыстарды қосқанда 80-ге жуық фильмдер таныстырылады.
Биылғы жылы кинофестиваль байқауына арнайы бөлімдер қосылды. Яғни, «Бес құрлық» атты балалар фильмдері байқауы және «Алты алаң» атты дамыған елдердің кинотаспаларының көрсетілімдері болады. Сонымен қатар, фестиваль аясында бірнеше арнайы шаралар өтеді. Олар – Қазақстан аумағында түсірілген танымал режиссерлардың фильмдерінен құралған «Алғыс айту күні ретроспективасы» және «Тұлпар» бірінші ұлттық кино жүлдесімен марапатталған қазақстандық әрі ортаазиялық картиналардың, танымдық фильмдерінің көрсетілімдері өтетін «Light of Knowledge» шарасы.
«Еуразия» Халықаралық кинофестивалінің бас директоры Рашид Нұғыманов
«Еуразияның» негізгі жүлделерінен бөлек, «Үздік балалар фильмі» үшін Абдолла Қарсақпаев атындағы арнайы сыйлық, «Үздік деректі фильм» үшін Ораз Әбішев атындағы сыйлық және «Кино дамуына қосқан үлесі» үшін арнайы жүлдесі бар.
Айта кетсек, XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінде «Еуразия фильм маркет» алғашқы кино нарығы өтетін болады. Шара бүкіл әлемнің кино өндірісі мамандарының басын қоспақ.
Кинофестивальдің толық бағдарламасы, қатысушылар тізімі және арнайы қазылар алқасының құрамы кейінірек белгілі болады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін