È

Канндағы жеңісі үшін Самал Еслямоваға пәтер сыйлады

Канндағы жеңісі үшін Самал Еслямоваға пәтер сыйлады

Актриса Самал Еслямова кіші отаны – Петропавл қаласына келді. Канн кинофестивалінің лауреатын жергілікті тұрғындар қошемет білдіріп, қарсы алды, ал Солтүстік-Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов сыйлық ретінде отандасымызға 3 бөлмелі пәтердің кілтін ұсынды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Мен үшін жерлестеріммен кездесу үлкен құрмет. Осы қуанышымды бөліскендері үшін ата-анама, ұстаздарыма, барлық солтүстік қазақстандықтарға алғысымды білдіремін. Мен өте бақыттымын. Үйде болу – ерекше сезім», - деп атап өтті актриса.

Фото: СҚО әкімінің баспасөз қызметі
Фото: СҚО әкімінің баспасөз қызметі

Самал Еслямованың облыс әкімі Құмар Ақсақаловпен кездесуінде актрисаның туыстары мен таныстары, сондай-ақ әріптестері - Сәбит Мұқанов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының әртістері болды.

Еске салсақ, Самал 71-ші Канн кинофестивалінде «Үздік әйел рөлі» жүлдесін иеленген болатын. Актрисаның қатысуымен түсірілген Сергей Дворцевойдың «Айка» фильмі фестивальдің негізгі байқау бағдарламасында көрсетілді.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер