È

«Қамау» фильмі онлайн

«Қамау» онлайн

Режиссер Сапар Төлегеннің «Қамау» атты алғашқы толықметражды фильмін «Бродвей» (brod.kz) кинопорталынан онлайн режимде көруге болады. Картинаны кинотеатр бөлімінен жарнамасыз 300 теңгеге көре аласыздар.

Клипмейкер Сапар Төлеген 2014 жылыбасты рөлде Мақпал Исабекованың қатысуымен «Қамау» драмасын түсірген болатын. Фильм «БҰҰ Әйелдер» қолдауымен түсіріліп, 2014 жылдың қазан айында экранға шықты.

Сюжет бойынша Айман атты қыз Арман деген жігітті кездестіреді. анды өзінің өмірлік жары ретінде қабылдайды.Бірақ көптен күткен үйлену тойынан кейін оның мінсіз деген жары қанішерге, отбасылық өмірі сынаққа айналады.

Картинаның түсіріліміне Данияр Қуантқанов, Болат Құсаинов, Иван Бреусов, Бибо қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, «Бродвей»кинопорталы кинокомпанияларды фильмдер мен сериалдардың біздің порталға жариялауға шақырады. Біз авторлық құқық шарттары сақталатынына кепілдік береміз және онлайн-кинотеатрда лентаны көрсету арқылы пайда табуға болады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер

Аян Өтепберген

Актер