«Жас Сахна» театрында - «Қамау»
8 маусымда «Жас Сахна» театрында «Қамау» фильмінің көрсетілімі болады. Іс-шараның ұйымдастыруылары Гүлнар Әбикееваның киноклубы, ол Қазақстан киносыншылар Ассоциациясының Президенті.
«Қамау» - отбасылық-тұрмыстық мәселелерді қозғайтын, әйелге физикалық және психологиялық қысым көрсету, жәбірлеу секілді өзекті мәселені көтерген отандық фильмдердің бірі. Сюжет бойынша Айман есімді кейіпкер Азамат сынды керемет жігітті кездестіреді. Өзінің өмірлік серігін таптым деген үмітпен жас қыз сол жігітке тұрмысқа шығады.Алайда тойдан кейін Азамат мүлде басқа адам болып шығады, ол отбасылық озбыр адам, қатігез, Бақытты отбасылық өмір тозаққа айналады.

Драма режисеры- Сапар Төлеген. Басты рөлде әнші әрі актриса Мақпал Исабекова және актер Данияр Қуантқанов. Өзінің алғашқы рөліне актриса бір жылдай дайындалды: таэквондо және бокс секцияларына барды. Сондай-ақ фильмге еліміздің қоғам қайраткері Болат Құсайынов, әнші Иван Бреусов және Бибо қатысты. Фильм прокатқа 2014 жылдың күзінде шықты.
Әйгерім Қасқыр







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін