Астанада «Кинематография туралы» заң жобасы талқыланды

Астаналық Ұлтық академиялық кітапханасында ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысы өтті, жиналыста «Кинематография туралы» заң жобасы талқыланды. Кездесуге Арыстанбек Мұхамедиұлы, Парламент Мәжілісінің депутаттары және АҚШ сарапшылары қатысты, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
«Заң жобасын құру барысында халықаралық стандарттарға сай болу үшін позитивті әлемдік тәжірибені және Франция, Германия, Қытай, Ресей, Ұлыбритания, АҚШ пен Канада секілді алдыңғы қатарлы өндірістік мемлекеттердің заңын тыңғылықты зерттедік. Үздік халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, қарастыруға ұсынылған заң жобасында бірқатар негізгі бастамалар нақтыланды. Ол - Ұлттық киноны қолдау қорын құру, салық жеңілдіктерін және фильмдер мониторингінің ақпараттық жүйесін енгізу», - деп атап кетті отырыс барысында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Ол мемлекеттің фильм өндіру барысында студияның немесе компанияның шығынының 25-30%-ының орнын толтыруын қарастыру керектігін де айта кетті.
Сондай-ақ, CEO of Global Policy Initiatives компаниясының президенті және NBC Universal өкілі Джей Керри Футлик пен Халықаралық өзара түсіністік жөніндегі іскерлік кеңесі президенті Питер Тичанский баяндама оқыды. Шетелдік мамандардың пікірінше, егер заң жобасы әлемдік стандарттарға сай болса, ол Қазақстанға инвестиция тарту негізіне айналып, отандық киноөндірістің дамуына септігін тигізеді.
Еске сала кетсек, алдыңғы жолдары Парламент Сенаты депутаттары «Қазақфильм» киностудиясына барған еді, сол кезде Қазақстан киносы мұражайын ашу идеясы айтылған болатын.
Превью: mks.gov.kz
.jpg)






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін