È

«Закрыто на зиму» ВГИК студенттік байқауына қатысты

«Закрыто на зиму» ВГИК студенттік байқауына қатысты

Жәнібек Мұртазиннің «Закрыто на зиму» фильмі ВГИК Халықаралық студенттік байқауының негізгі бағдарламасына енді. 36-ыншы рет өтіп отырған байқау екі кезеңнен тұрады. 17-28 қазанда - ВГИК және 14-18 қарашада - халықаралық кино және театр байқауы.

«Закрыто на зиму» - біркадрлы фильм, бұл ұзақ жылдар әлемді аралаған ер адамның туған ауылына оралуы жайлы картина. Бірақ оған өз ауылын табу қиынға саоғады. Кейіпкер тек өз туған жерін ғана емес, өзінің өткен өмірін іздейді.

бұған дейін қысқаметраждф фильм Т.Жүргенов атындағы Қаз ҰӨА фильмдер көрсетілімінде «Үздік режиссура» жүлдесін алды , сондай-ақ Душанбедегі «Навсоз» Халықаралық байқауына және I Республикалық «Байқоңыр»қысқаметражды кино фестиваліне қатысты.

ВГИК студенттік фестивалі 1961 жылдан бері өткізіледі, осы жылдар ішінде ол кино және театр өнері бойынша студенттер арасындағы ең беделді байқауға айналды.

Халықаралық байқауда тағайындалатын марапаттар: «Үздік кинобағдарлама», «Үздік ойын фильмі», «Үздік деректі фильм», «Үздік анимациялық фильм» және «Үздік мультимедиажоба».

Фестивальдық іс-шаралар ВГИК қабырғасында, Мәскеу және Мәскеу облысындағы кинотеатрларда өтеді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер