È

Отандық киноға арналған «Ел Арна» телеарнасы қосылады

Отандық киноға арналған  «Ел Арна» телеарнасы қосылады

«Хабар» агенттігі «Ел Арна» жаңа телеарнасын іске қоспақ. Отандық арна Наурыз мерекесінің қарсаңында қосылады, деп хабарлады ҚР Ақпаратр және байланыс министрі Дәурен Абаев.

Министрдің айтуынша, телеарна отандық көркем фмльмдер мен деректі фильмдерді, сериалдарды көрсететін болады. Телеарнада арнайы бағдарламалар мен телебағдарламалар бомайды. Сондай-ақ Дәурен Абаевтың айтуынша, «Ел Арна» - бұрын еліміздің аумағында таралған ескі арна емес, жаңа форматтағы жаңа ресурс. Алайда бұрынғы атауын сақтап қалуды ұйғардық.

Естеріңізге сала кетейік, 2000 жылы «Хабармен» бірге тек мемлекеттік тілде хабар таратқан бірінші ұлттық арна «Хабар-2» жұмыс істеген еді. 2002 жылдың көктемінде атауы «Ел Арна» болып өзгертіліп, қазақ және орыс тілінде хабар тарататын болды. Арнаның базасында «Топ малыш», «Побочный эффект», «Жен. Совет» және басқа да түрлі бағдарламалар болды. Телевизиялық арна бөлінген шығынды ақтай алмайтындықтан 2014 жылы жұмысын тоқтатқан болатын.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Askhat

19 февраля 2017, 22:51

Могли бы и другое название для канала придумать, хотя если уже зарегестрированный товарный знак есть что добру пропадать как говориться. Кажется это ребрендинг называется. А так вообще молодцы, у нас как раз и не хватало телеканала с отечественными фильмами

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер