È

Дәстен Шәкіровтың «Резерват: Қазушы қаралар» фильмінің түсірілімі аяқталды

Дәстен Шәкіровтың «Резерват: Қазушы қаралар» фильмінің түсірілімі аяқталды

Актер Дәстен Шәкіров өз күшін режиссурада байқап көрді. Жақында ол «Резерват: Қазушы қаралар» толықметражды дебютті фильмінің түсірілімін аяқтады. Картина түсірілім 18 маусымда басталып, қазан айының басына дейін жалғасқан.

«Резерват: Қазушы қаралар» кинотаспасы көне артефакттарды тауып алып, қара базарда сататын бес қазушы туралы баяндайды. Бір күні олар тауларда жасырынған алтын мүсін туралы біліп қояды. Жолда кейіпкерлер жергілікті қорықшыны кездестіреді, ол қазушылардың серігіне айналады. Бірақ, олар тап болған орман тылсым құпияларға толы еді.

«Резерват: Қазушы қаралар» біз былтыр түсірген «Қараманның» өзі десек те болады. Бірақ, сол кезде тауларға ерте қар жауған, сондықтан ерекшелікті жіберіп алдық. Ақыры, күтуге тура келді. Кейіннен, сценарийді өзгерттік, нәтижесінде «Қараман» «Резерватқа» айналды. Негізгі түсірілім Түргенде, Ассы үстіртінде және Қайыңды шоқысында өтті. Қиындықтарды да көрдік, түсірілім тобының ашық далада тұрған кездері де болған»,-дейді жоба туралы атқарушы продюсер Ришат Дауылбеков.

Сценарийін жас автор Мейірмани Нұрлыбек жазған, оған Тимур Жақсылықов көмектесті. Сыртқы бөлімге қоюшы-оператор Қазбек Әміржанов жауапты болды.

Авторлардың айтуынша, «Резерват: Қазушы қараларда» кез-келген адамның бойынан табылатын дүниеқоңыздық сөз етіледі. Егер адам осы жаман қасиетті жеке алса, марапатқа ие болады. Фильмнің ұраны – «Адамдар темір үшін құрбан болып жатыр».

Қазушы кейіпкерлерді Дәстен Шәкіров, Филип Волошин, Марат Абдуллаев, Ержан Нүсіпақынов, Марат Абай-Ділдә және Мұрат Бекмұратов сомдады. Сондай-ақ, картинаға Асан Мәжит, Райхан Айтқожанова, Жұлдыз Сапарғалиева және Мейірмани Нұрлыбек түсті.

«Резерват: Қазушы қаралар» фильмі 2018 жылдың қыс мезгілінде жарыққа шығады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер