È

«Мүсінші» қысқа метрінің түсірілімі аяқталды

«Мүсінші» қысқа метрінің түсірілімі аяқталды

Айгүл Ақсамбиева «Мүсінші» қысқаметражды фильмінің түсірілімін аяқтады. Ол бұрын танымал «ВУЗеры» мен «Айжан» хикаяларымен жұмыс істеген. Режиссердің шығармашылығындағы келесі бағыт - толық метр жасау.

«Мүсінші» драмасының сюжетінде жақын жандарды кешіре білу маңыздылығы өнеге ретінде көрсетіледі. Басты кейіпкер – бұрын әнші болған әйелімен бірге тұратын мүсінші. Отбасылық өмірі үшін сахнаны тастап, өнерді құрбан еткен әйел тұрмыстың түйткіліне сүңгіп кетеді. Күнделікті күйбең мен бірқалыпты өмірден шаршап, одан шығу жолын іздеген кейіпкер ақырында сатқындық жасап, кешірілмес күнәға батады.

Режиссер фильм арқылы опасыздық жасаудың сатқындық емес, тек сүйікті адамынан жылу көре алмаған жанның еріксіз әрекеті және адам баласының ең жоғарғы қасиеті кешіру екендігін көрерменге жеткізгісі келіпті.

Екі басты кейіпкердің рөлдерін танымал актер Азиз Бейшеналиев пен көпшілікке Әдемі лақап атымен танылған әнші Динара Қайырова ойнап шықты.

Фильм Алматы қаласында төрт күн ішінде түсірілді.

«Мүсіншіні» көрерменге мамыр айында таныстыру жоспарланып отыр.

 

Александра Терпиловская

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Askhat

7 апреля 2017, 22:39

"измена - это не предательство" а по-моему как раз таки это и есть предательство

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер