È

«Svadba.kz» фильмінің түсірілімі аяқталды

«Svadba.kz» фильмінің түсірілімі аяқталды

Алматыда бас продюсері Жан Мұқанов болып келетін «Svadba.kz» комедиялық фильмінің түсірілімі аяқталды. Картина директоры - Айнұр Қанғожина, ал таспа режиссері және операторы ағайынды Валерий мен Максим Задарновский болды.

«Романтикалық комедияның түсірілімі бастапқыда Бурабай мен Италияның астанасы Римде жоспарланғанымен, тек Алматы қаласында өтті. Дегенмен, кейін идея мен тақырып өзгертілді. Біз 31 түсірілім күнін өткіздік. Фильммен жұмыс істей отырып, көптеген қателіктер мен артық шығынға жол бердік. Бірақ, мұның барлығы мен үшін жақсы тәжірибе болды», - деді Жан Мұқанов.

«Svadba.kz» фильмінің түсірілімі

Комедиядағы басты рөлді отандық эстрада мен киноның көз тартарлық күйеу баласы Тәуекел Мүсілім сомдады. Картинадағы негізгі үш әйел рөлін Дарья Александрова, Айым Сейтметова және Дина Тасболатова ойнады. Сондай-ақ, фильмге шоумен Жахан Отарғалиев, Төлепберген Байсақалов түсті. Эпизодтардан әнші Дильназ Ахмадиеваны көруге болады.

Продюсердің айтуынша, ол жаңа жобаның жұмыстарына кірісіп кетті.

«Біз жаңа фильмнің дайындығына кірісіп кеттік, сценарий жазылып жатыр. Бірақ, келесі таспа мелодрама болады», - деп бөлісті Жан Мұқанов.

Еске салсақ, кинокомедия тұсаукесері 2018 жылдың 13 желтоқсанына жоспарланған.

 

Зарина Рахметова

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Аян Өтепберген

Актер

Дастен Шәкіров

Актер