«Үлкен үй» хикаясының екінші маусымының түсірілімі аяқталды
Жақында «Үлкен үй» хикаясының екінші маусымының түсірілім жұмыстары аяқталып бітті. Комедиялық телефильм «Асыл арна» телеарнасының өндірісі, режиссер Мақсат Оспановтың жетекшілігімен түсірілген. Картина идеясы арна директоры Мұхамеджан Тазабекке тиесілі, ал сценарийін Мұрат Есжан жазған.
Хикая сюжеті бір отбасыны – Мырзаханды, оның әйелі Бақытты және балалары Арман мен Шұғыланы көрсетеді. Отбасы тірегі такси жүргузуші болып жұмыс істейді. Ол күннен күнге қалаға көшу туралы ойланып жүреді. Өйткені, ол жақта өмірді жақсартуға болады. Бірақ, отбасының барлық мүшелері онымен келіспейді. Оның үстіне, қала сыртындағы ауылда өмір қызықтырақ әрі күнде түрлі оқиғалар болып тұрады.
«Хикаяның бірінші маусымын көрермендер жылы қабылдады, тіпті ол біткен соң телеарна редакциясына киноның жалғасын түсіру туралы ұсыныстар көптеп түсіп жатты. Сондықтан, басшылық екінші маусымды түсіруді дұрыс деп тапты. Айта кету керек, хикая комедия жанрында түсірілгенімен, көрермендерді ойландыратын маңызды тақырыптар қозғалған. Қажетті топты жинақтап, біз түсірілімге кірісіп кеттік. Жобаға қайтадан «Шаншар» театрының, Райымбек Сейітметов атындағы Түркістан музыкалық-драма театрының және Шымкент қаласындағы Жұмат Шанин атындағы облыстық драма театрының талантты актерлары түсті»,- деді жобаның және телеарнаның бас продюсері Ерлан Әбдірұлы.
«Үлкен үй 2» хикаясының түсірілімі
Қазақстандықтар жаңа маусымнан сүйікті кейіпкерлерін: Дәурен Жұмаділов, Жүсіп Ақшора, Майра Мақұлбекова, Нұржан Төлендиев, Нартай Сүлейменов және т.б. сынды актерларды көре алады.
Екінші маусымның түсірілімі 31-наурызда басталып, бір ай жалғасқан. Онсериялы фильмді Шымкентте түсірген.
Авторлардың айтуынша, «Үлкен үй 2» фильмі осы жылдың мамыр айының соңында жарыққа шағады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін