È

Жайық Сыздықов: «Шәмші Қалдаяқов тураы кинобиографиямен жұмыс істеу біз үшін мәртебе»

Жайық Сыздықов: «Шәмші Қалдаяқов тураы кинобиографиямен жұмыс істеу біз үшін мәртебе»

«Хабар» телеарнасы қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовқа арналған «Ән-аға» сериалын түсіруді жалғастырады. Көпсериялы фильмді түсіру режиссер Жасұлан Пошановқа («Шлагбаум») сеніп тапсырылған, ал сценарийді жазу Жайық Сыздықов пен Мұхамеда Мамырбековке тапсырылды. Сценарий неге негізделген, биографиялық лента несімен көрерменнің жадында қалады, бұл туралы «Бродвейге» сценарист Жайқк Сыздықов әңгімелеп берді.

« Мұхамед Мамырбеков екеуміз үшін Шәмші Қалдаяқовтың кинобиографиясымен жұмыс істеу үлкен мәртебе. Қиын да, қызықты істе бізге көмек берген кеңесші-биограф және композитор Қалдыбек Құрманәлі, ол Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығын зерттеуге 20 жылын арнаған. Біздің алдымызда қазақ музыкасының тау тұлғасы туралы әңгімелеп, ол өмір сүрген тарихи кезең туралы баяндау мақсаты тұрды. Шәмші аға, қалай өмір сүрді, қалай ән жазды, оның шығармалары халықтың жүргеіне қалай жол тартты., міне осының бәрін қамтуға тырыстық. Сценарий компазитордың ойына, еркіндік сүйгіштігіне, қазақ музыкасы мен мәдениетіне көзінің қарашығындай қарауына негізделді. Қалдаяқов өз заманының қайталанбас тұлғасы, халық күні бүгінге дейін оның шығармаларын сүйіп тыңдайды, орындайды. Сондықтан оның өміріне ерекше көзқараспен қарау керек. Жасұлан Пошанов пен оның тобы жақсы сериал түсіреді деп үміттенеміз, сенеміз», - дейді сценарист.

Фильмнің түсірілім өткен жылдың қараша айында басталды, қаңтардың ортасына дейін жалғасады. Шәмші Қалдаяқовтың әр кезеңдегі образдарын экранда сомдайтын актерлер Нұрбол Мейрамбаев, Дәурен Серғазин және Мейрбек Қауымбаев.

Жайық Сыздықовтың айтуынша, «Ән-аға» фильмінде шығармашылық адамына түрткі болған жайлар, компазитордың билікпен байланысы, әріптестерімен, халқыпен және өз дарынымен араласуы түгелдей қамтлады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Санұржан Сүлейменов

Актер