È

«Жанұя»

 «Жанұя»

Режиссер Серік Таласов «Жанұя» деп аталатын толықметражды фильмнің түсіріліміне кіріседі. Бұл картина - Оңтүстік-Қазақстан облысының «Оңтүстіктің жастары» Жастар орталығының жобасы.

Кинолента автолрларының негізгі мақсаты жастар арасында отбаслық құндылықтарды насихаттау, үлкенге деген құрметті күшейту, тұлға болып қалыптасудағы отбасының рөлін көрсету.

Тамыздың басында үлкен кастинг өтті, мұнда басты және қосымша рөлдерге іріктеулер жүргізілді. Нәтижесінде түсірілімге Ержан Жарылқасынов («Балалық шағымның аспаны»), Ақмарал Маханова, Ғалымжан Қалыбаев және Олжас Бекбауов қатысады.

Серік Таласов – Оңтүстік-Қазақстандық режиссер, оның «Майдангерлер» фильмі 2015 жылы «Жас Дидар» фильмінің бас жүлдесін жеңіп алды. Биылғы жылдың маусым айында режиссер «Скорость» атты қысқаметражды әлеуметтік фильм түсірді. Бұған дейін «Өтелмес борыш» және «Жаңғырық» фильмдері шыққан болатын.

«Жанұя» фильмі Шымкентте түсіріледі. Лентаның нақты қашан шығатыны әзірге белгісіз.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Іңкәр Әбдіраш

Актриса

Рүстем Әбдірашев

Қоюшы-режиссер