È

«Өлім тілеу»: көптен күткен атыс-шабыс фильмінің дубляждалған трейлері

«Өлім тілеу»: көптен күткен атыс-шабыс фильмінің дубляждалған трейлері

«Өлім тілеу» фильмінің жаңа трейлерінде Брюс Уиллис («Оның иттік жұмысы», «Сплит») әйелін өлтіріп, қызын мүгедек қылғандардан қалай да кек алуға тырысады. 1974 жылы Чарльз Бронсон түскен атыс-шабыс фильмінің ремейкін Элай Рот түсірді, ол екінші режиссер ретінде Квентин Таратиномен бірге «Даңқсыз жетесіздер» және «Грайндхаус» картиналарымен жұмыс істеген. Бұл фильм ересек Брюсті 90-жылдары өз атын қалыптастырған экшн-жанр мен жақсы блокбастерлер әлеміне қайта оралтпақ.

Дәрігер Пол Керси (Брюс Уиллис) - хирург, ол жұмысының арқасында қала көшелеріндегі түрлі бұзақылықтардың салдарымен бетпе-бет жолығысып жүреді. Бір күні әйелі (Элизабет Шу, «Толқын иесі», «Көше соңындағы үй») мен студент қызына (Камила Морроне) қала сыртындағы үйде қауіп төнеді. Екеуі де реанимацияға түседі, Элизабет Шудың кейіпкері қайтыс болады.

Полиция қылмыспен күресіп жүргенде, қайғыдан қан жұтқан Пол кек алуды ойлайды. Ол отбасына тап берген қылмыскерлердің ізіне түсіп, әділдіктің орнағанын қалайды. Қылмыскерлерді жасырын түрде жайратып салған әрекеті журналистер мен көптеген тұрғындардың назарын аудартады. Кек алушы қаланың ғажайыбына айналады, бірақ заманауи Робин Гуд сақтаушы періште ме, әлде көсеуі бар өлім періштесі ме? Оны ешкім білмейді. «Өлім тілеу» атыс-шабыс фильмінде қаһар мен әділдік орнатуға деген құлшыныс бейнеленеді.

«Өлім тілеу» фильмінің Қазақстандағы тұсаукесері 5 сәуірде болмақ.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Алексей Пантелеев

Актер

Асылхан Төлепов

Актер