È

М. Найт Шьямалан «Кемшіліксіз» және «Сплит» фильмдеріне ортақ сиквел шығармақ

М. Найт Шьямалан «Кемшіліксіз» және «Сплит» фильмдеріне ортақ сиквел шығармақ

Режиссер жаңа фильмді «Гласс» деп атауды жөн көрді. Сэмюэль Л. Джексон кейіпкерінің есімі «Кемшіліксіз» («Неуязвимый») фильмінде осылай аталатын.

Бұл жаңалықты М. Найт Шьямаланның өзі Twitter парақшасында хабарлады. Ол 17 жыл бойы дайындаған «Кемшіліксіз» фильмі сиквелінің сценарийі дайын болғандығын айтты. Енді жалғасы дайын болғанда, барлық сұрақтарға жауап бермек екен. Негізгі идеясы «Кемшіліксіз» мен «Сплит» фильмдерінің кейіпкерлерін біріктіру болатын. Оған Брюс Уиллис, Сэмюэль Л. Джексон, Джеймс МакЭвой және Аня Тейлор-Джой түскен. Актерлар жаңа жобаға түсуге келісімдерін берді.

Фильммен «Universal» студиясы айналысады, ал продюсері Джейсон Блум болмақ.

«Кемшіліксіз» фильмі 75 миллион долларға түсірілген, ал айналымда 248 миллионтабыс тапты. Ол нағыз хитке айналған « Алтыншы сезім» («Шестое чувство») картинасынан кейін бір жылдан соң жарыққа шыққан.

Режиссердің негізгі мақсаты - бюджеті аз фильмдерді түсіру. Өйткені, «Судағы қыз», «Апат әміршісі» және «Біздің эрамыздан кейін» секілді көпбюджетті фильмдері сәтсіздікке ұшырап, Голливудтағы мансабына кері әсерін тигізген болатын.

Ал соңғы «Сплит» фильмі 9 млн. долларға түсіріліп, әлемдік айналымда 274 млн. доллар табысқа ие болған.

Белгілі болғандай, «Гласс» сиквелі айналымға 2019 жылдың 18-қаңтарында шығады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер