È

«Желтоқсан алауы»: 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын еске аламыз

«Желтоқсан алауы»: 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын еске аламыз

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Жоғары Кеңесі Республиканың мемлекеттік егемендігі туралы заң қабылдады. Бұл еліміз үшін тек қуанышты емес, қайғылы күн болып та саналады. Себебі, 1986 жылы желтоқсанда Алматыда бейбіт шеру өткен еді, бірақ кейін қазақ халқының қасіретіне айналып, қанды қырғынға ұласқан-ды.

17 желтоқсан күні Алматыда, жалпы бүкіл республикада қазақ жастары сөз сөйледі. Ресми деректерге сүйенсек, халықтың наразылығы КОКП ОК-нің Бас хатшысы Михаил Горбачёвтің Қазақстан компартиясының бірінші хатшысы, ұлт көшбасшысы Дінмұхамед Қонаевты қызметінен босатып, орнына қазақстандықтарға белгісіз Геннадий Колбинді тағайындау туралы шешім қабылдағаны үшін туындаған. Наразы топ жергілікті басқарудан адал қазақ азаматын қоюды сұраған. Кейін, шерудің немен аяқталғаны барлығына мәлім.

«Желтоқсан алауы» фильмінен көрініс
«Желтоқсан алауы» фильмінен көрініс

Ондаған жылдар бойы желтоқсан оқиғасы тақырыбына көптеген еңбектер жазылып, бірнеше фильмдер түсірілді. Сондай деректі картиналардың бірі - Жаңабек Жетіруовтың «Желтоқсан алауы» жобасы. Авторлар шындықты барынша ашып көрсетуге тырысты. Картина сол күндерді өз көздерімен көріп, шеруге қатысқан азаматтардың естеліктеріне және архивті фото-видеоматериалдарға негізделген.

Таспа желтоқсан оқиғасына 20 жыл толуына орай түсіріліп, 2006 жылы көрсетілді. Фильм «Қазақфильм» киностудиясының негізінде өндіріліп, қазақ тілінде түсірілген.

«Бродвей» кинопорталы «Желтоқсан алауы» фильмін көріп, Қазақстанның өткеніне зер салуды ұсынады.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

21 желтоқсан 2017, 22:53

этот день и это время года, мы помним одно из великих дней как в истории народа "Годы великого бедствия"

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер