È

«Жүрегіңді бір тыңдашы 2» «КТК-да»

Сериал «Жүрегіңді бір тыңдашы 2» на телеканале «КТК»

27 тамызда «КТК» телеарнасында «Жүрегінді бір тыңдашы мелодрамасы көрсетіледі. Толықметражды фильм - қазақ аудиториясына арналған режиссер Дәулет Есжановтың жұмысы. Фильмді өндіруші Gold Film компаниясы.

«Жүрегіңді бір тыңдашы 2» - осы аттас мелодраманың екінші бөлімі. мұнда жаңа кейіпкерлер мен олардың түрлі оқиғалары баяндалады. Осы жолы басты кейіпкер Олжас есімді жас жігіт. Ол да басқалар секілді өзінің махаббатын жолықтырады, оған өмір ғажап секілді көрінеді. Бірақ бақыты ұзаққа созылмады, Кейіпкерлерді қандай қиындықтар күтіп тұр, олар өздерінің махабаттарын сақтай ала ма, мұны телекөрермендер жақында «КТК» эфирі арқылы біле алады.

Түсірілімге Олжас Шерхан, Асхат Тарғын және эстрада жұлдыздары Бота Бейсенова, Нұрлан Еспанов, Ринат Тәттібай эәне басқалар қатысады.

«Жүрегіңді бір тыңдашы 2» трансляциясы 27 тамызда сағат 19.30- да «КТК» телеарнасында. Фильм қазақ тілінде орысша субтитрлармен көрсетіледі.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист

Асылхан Төлепов

Актер