«Жұлдыздар соғысы»: кезекті спин-оффтағы әрекет Татуинде өрбиді

«Жұлдыздар соғысы» кезекті спин-оффындағы әрекет енді Татуин ғаламшарында өрбиді. Бұл деректі франшизаның соңғы үш таспасымен айналысқан қоюшы-суретші Нил Ламонт растады: «Біз «Жұлдыздар соғысы» спин-оффының жұмысын енді ғана бастадық. Расында да Татуин бізге ерекше әсер етеді, дегенмен бізге басқа да жаңа ғаламшарлар қызық. Сондықтан, жобаның бұл жұмысы жалғасын тапса, әрі қарай дамуға мүмкіндік аламыз».
Алдыңғы жолы осы жазда Disney мен Lucasfilm студияларының «Хан Соло: Жұлдыздар соғысы. Тарихтың» сәтсіз кассалық жинағына байланысты «Жұлдыздар соғысы» кейіпкерлеріне арналған жеке таспалардың жұмысын тоқтатқаны туралы ақпарат пайда болған еді. Lucasfilm жедел түрде мұны жоққа шығарды, бірақ одан кейін ешқандай жаңалықтар болмады, оның үстіне жобаның жаңа спин-оффы өңделу үстінде және Lucasfilm кассалық жеңілісті мойындауға тырысып жатыр.
Сондықтан, Нил Ламонттың жаңалығы сенімділік орнатады, яғни Lucasfilm жаңа жекелеген фильмге арналған локацияны таңдағаны және оның жақсы таныс Татуин екені белгілі болды.
.jpg)






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін