È

«Хан Соло: Жұлдыздар соғысы. Тарих» фильмінің Қазақстандағы алғашқы жинағы

24-27 мамыр аралығындағы кассалық жинақ

Өткен аптада «Хан Соло: Жұлдыздар соғысы. Тарих» ғарыш аңызының, «Жыныстық қатынас болмайды!» комедиясының және «Борт сыртында» мелодрамасының тұсауы кесілді. Көрермендерге қай киножаңалықтар ұнады екен және қай фильм демалыс уақытында жоғары касса жинады екен, Қазақстандағы жинақ рейтингісінен оқып көріңіздер.

«Дэдпул 2» әлі де айналым үздіктерінің қатарында. Картина 59 068 800 теңге жинады. Кейбл рөлі Стивен Лэнгке («Демалма»), Рон Перлманға («От үшін шайқас»), тіпті Брэд Питтке бұйыруы мүмкін еді. Актер кейіпкерді талқылау үшін режиссермен кездескен болатын, бірақ түсірілім кестесіне қатысты келіспеушілік салдарынан қатысудан бас тартқан. Ақыры, Кейблді «Кек алушылар: Мәңгілік соғыста» Таносты сомдаған Джош Бролин ойнады.

«Хан Соло: Жұлдыздар соғысы. Тарих» жақсы бастала қоймады. Фильм 32 578 275 теңге жинады, бұл «Дэдпул 2» (540 008 320 теңге) мен «Кек алушылар: Мәңгілік соғыс» (384 721 759 теңге) картиналарының алғашқы жинағынан он есе төмен. Әлемдік айналымдағы жинағы 65 миллион долларға әрең жеткен. «Хан Соло: Жұлдыздар соғысы. Тарих» - «Жұлдыздар соғысы» ғарыш аңызының әйгілі екінші спин-оффы. Алғашқысы – «Жалғыз аластатылған», 2017 жылы жарыққа шыққан болатын.

«Жыныстық қатынас болмайды!!!» фильмінен көрініс
«Жыныстық қатынас болмайды!!!» фильмінен көрініс

«Жыныстық қатынас болмайды!» комедиясы демалыста 17 877 300 теңге жинады. Алғашқы сценарий бойынша картина «Шиелер» деп аталған, ал басты кейіпкерлері үш әке болатын. Кейін сценарийге де, атауына да өзгеріс енгізілді, әкенің біреуі анаға ауыстырылды. Ескерерлік жәйт, продюсерлері бұрын үш жасөспірім жайлы «SuperПерцы» фильмін түсірген Эван Голдберг пен Сет Роген болды.

Айналымдағы төртінші апта «Кек алушылар: Мәңгілік соғыс» картинасына 13 570 962 теңге сыйлады. Түсірілім басталған уақытта барлық актерларға жалған көріністі сценарийлер ұсынылған. Авторлар ақпараттың жайылып кетпеуі үшін осындай қадамға барған. Ал Питер Паркерді сомдаған Том Холландқа сценарийді толық оқып шығуға мүмкіндік бермепті. Холланд «Өрмекші адам: Қайта оралу» фильмі жайлы көп ақпарат беріп қойғандықтан, сенімнен айырылған.

«Шимай дәптер» ресейлік фантастикасы кассаны 5 519 334 теңгеге толтырды. Картина «Түнгі бақылау» мен «Күндізгі бақылаудың» авторы Сергей Лукьяненконың аттас фантастикалық романы негізінде түсірілген. Экрандау құқығын 2015 жылы «Жаңа адамдар» кинокомпаниясы сатып алған. Ол сценарий жұмысына сол жылдың сәуір айында-ақ кірісіп кеткен, ал режиссер орнына 2015 жылы «Севастополь үшін шайқас» таспасын жарыққа шығарған Сергей Мокрицкий шақырылды.

«Шимай дәптер» фильмінен көрініс
«Шимай дәптер» фильмінен көрініс

«Борт сыртында» романтикалық комедиясының жинағы 5 162 850 теңгені құрады. Фильмдегі басты ер азамат рөлін «Нұсқаулар берілмейді» (2013) картинасының режиссері және «2+1» (2016) драмасының сценаристі ретінде танымал Эухенио Дербес сомдады. Алдыңғы қатарлы әйел рөлін «Өте қорқынышты кино» фильмдер кезеңі арқылы танымал бола бастаған актриса Анна Фэрис ойнады.

«Садко» мультфильмі 4 281 004 теңге жинады. Анимация 1952 жылы жарыққа шыққан аттас көркем фильмнің ремейкі болып келеді. Мультфильм режиссерлары - Максим Волков пен Виталий Мұхаметзянов. Волков үшін бұл екінші толықметражды анимация. Алғашқысы – «Қасқырлар мен қойлар: ессіз айналу» (2016).

Жеңіліс тапқандар қатарында 1 334 800 теңгемен «Истерия» триллері, 1 322 100 теңгемен «Әзәзіл шеңбері» хорроры, 1 327 700 теңгемен «Қаз әке-ана» мультфильмі және 1 317 600 теңгемен «Сұлу ару мен құбыжық» мелодрамасы бар.

 

*Материал Meloman Entertainment және Ticketon.kz компанияларының мәліметтері бойынша дайындалды.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер

Құралай Анарбекова

Актриса