È

«Казахстанская премьера». Выпуск №4: Предпоказ фильма «Братья»

«Казахстанская премьера». Выпуск №4: Предпоказ фильма «Братья»

Алматы қаласында Моңғолия елінің «Братья» атты керемет фильмінің тұсаукесері өтті. Экшн жанрында түсірілген аталмыш фильмнің сценарийі өте қызықты және шытырман оқиғаларға толы болды. Кейбір жерінде күліп, ортасында тіпті көзімізге жас та алдық.

 

 

Журналист:

-Фильмде өзіңіз сомдаған кейіпкеріңіз сізге қандай қасиеттерімен ұнайды?

Жаргайсайхан Агталшагай (бас актер):

-Бұл фильмде кейіпкердің маған ұнайтын мінезі - оның батырлығы. Моңғолдарда мынадай сөз бар: «Ер адам әйел мінезді болмауы керек». Сол себепті, оның нағыз ерге тән мінезі ұнады.

-Түсірілім кезінде қандай қиындықтар болды?

-Әрине, қиындықтар өте көп болды. Аяғымызды сындырып, қолымызды жарқаттап та алдық. Әсіресе фильмнің соңғы жағында оқыс жағдайдар жиілеп кетті. Ауа-райының жауын-шашынды болуы да түсірілім кезінде қиындық туғызды. Бірақ та, өнер адамы болғандықтан мұндай жағдайларға қашан да дайын болу қажет.

-Көбінесе қандай образдарды сомдайсыз?

-Мен экшн жанрындағы кейіпкерлерді жақсы көремін. Бірақ, актёр кейіпкерді таңдамауы керек. Актер болғандықтан қандай жанр болса да, өзіңе тапсырылған рөлді алып шығуға тиіссің.

-Қазақстан Республикасында киноға түсуге қалай қарайсыз?

-Әрине! Ойнағым келеді. Біраз фильмдеріңізді, нақтырақ айтсам «Рэкетир» фильмін көрдім. Мұрат, Саян, Дастен секілді актерлерді танимын және өнерлеріне тәнттімін. Сондай-ақ, «Шал» фильмі ұнайды.

Осындай ауқымды шараны ұйымдастырып отырған Марина Сулейменова да өте қуанышты, картина көрермендерге ұнайды деген үмітте.

Журналист:

-Кең ауқымды шара туралы толығырақ айтып өтсеңіз және ұйымдастырушы ретінде қандай ұтымды тұстарын айтар едіңіз?

-Аталмыш шараны алғаш рет ұйымдастырып отырмыз. Фильм заманауи болғандықтан, өзіміздің елімізде көрсетуді жөн көрдік. Ұйымдастыру жағына келсек, бұл оңай шаруа емес. Себебі ұйымдастыру жұмыстарының өзіне бірнеше ай кетті. Барлық актерлермен танысып, білісіп дегендей.

-Актерлермен танысу барысында қандай қызықты оқиғалар орын алды?

- Көптеген қызықтар болды. Бас актеріміз ұшып келгенде онымен танысуға асықтық. Мен ол кісімен қазақ тілінде немесе орыс, ағылшын тілінде тілдесіп, танысамын деп ойлағанмын. Сол кезде мен ол кісіге «Мен сізді көргеніме қуаныштымын» деп ағылшын тілінде айтсам, ол кісі мені түсінбепті (күлді). Сөйтсем ол кісі тек моңғол тілінде ғана сөйлейді екен.

-Ал енді көрермендерге бір ауыз тілегіңізді білдірсеңіз?

-Картина көрермендерге ұнайды деген үміттемін. Себебі фильм заманауи стильде түсірілген. Баршаларыңызға тек жақсылық тілеймін!

Журналист:

-Фильмнен қандай әсер күтесіз?

Актриса,тележүргізуші Айнур Ильясова:

-Әзірге білмеймін. Қандай әсер алғанымды фильм біткеннен кейін айтатын шығармын. Бірақ негізі бұрын-соңды моңғол фильмін көрген емеспін. Енді олар да біздің алыс қандастарымыз ғой. Қазақ, қырғыз, моңғол деген секілді. Негізінде маған өте қызық. Олар киноны қалай түсіреді екен, актерлері қандай деген секілді қызығушылық бар.

Журналист:

Моңғол фильмін бұрын-соңды көріп па едіңіз?

Анара Батырхан, актриса:

-Жалпы, мені осы тұсаукесерге шақырғанда өзім қатты таңғалдым. Себебі осы күнге дейін моңғол фильмін көрмеппін.

-Егер сізге Моңғолия елінде бас актриса рөлін сомдауға ұсыныс жасаса, келісер ма едіңіз?

-Неге келіспеске? Әрине. Мамандығым актриса болғандықтан келісемін.

Журналист:

-Фильмді қандай деп ойлайсыз?

Гульнар Байбосынова, актриса:

-Мен трейлерді көрдім. Маған қатты ұнады. Сондықтан менің ойымша керемет фильм болады.

Журналист:

-Бұрын-соңды моңғол туындыларын көріп па едіңіз?

Жайна Абдиева, кастинг-директор:

Иә, Моңғолияға барғанмын. Туындыларын көргенмін. Шынымды айтсам, мен көне фильмдерін ғана көріппін. Енді қазір заманауи фильмді көруге асықпын.

Журналист:

-Бұрын-соңды моңғол туындыларын көріп па едіңіз?

Бану Манкеева, актриса:

-Жоқ, көрмедім. Бізге аталмыш туынды бірінші рет келіп отыр. Қазір көреміз. Қызық болады деген үміттемін. Менің ойымша моңғолдар өте дарынды халық. Себебі олар көбінесе экшн жанрында түсіреді ғой. Сондықтан Моңғолияда киноиндустрия мықты дамыған деп ойлаймын.

Журналист:

-Что вы ожидаете от фильма?

Адель Оразалинова, телеведующая:

-Ну, я почти не имею никакого отношения кино. Я здесь как зритель, конечно. Но мне сказали, что будет классный экшн. И я ни в чем не сомневаюсь. Мне кажется, там, в Монголии, тоже развивается киноиндустрия. Я посмотрела на пригласительный - такие эффектные парни с такими жесткими взглядами, что мне стало страшно и решила прийти посмотреть. Честно сказать, наверное, это будет очередной хороший боевик для наших азиатских парней с похожим и менталитетом и лицами. И вообще, меня радует, что наши казахстанские специалисты, молодые причем, такие дерзкие и смелые, что приводят в прокат фильмы совершенно других стран. Я горжусь этим!

Міне фильм де көрсетіліп бітті. Енді аталмыш туындыдан біздің қазақ өнерінің жұлдыздары қандай әсер алды екен, сұрап білейік.

Журналист:

-Какое впечатление вы взяли от фильма?

Айнур Ильясова, актриса:

-Ну, знаете, на самом деле, так как мы сейчас уже разбираемся в кино, было очень много технических ошибок. Допустим, это была цветокоррекция. Везде менялся яркий цвет. То есть, где-то было темно, а где-то было очень ярко. Во-вторых, очень много действий и очень много крови в одном фильме. Но актерская игра была очень положительной. Актеры справились со своей задачей.

Журналист:

-Фильмнен қандай әсер алдыңыз?

Женисхан Торе, клипмейкер:

-Жалпы, біздің қазақ халқы киноға сыншыл ғой. Меніңше, актерлік шеберлік жағы жақсы болғанмен, фильм ойдағыдай болды деп айта алмаймын.

-Сізге сонда фильмнің қай тұстары ұнамай қалды?

-Маған дыбыс және операторлық жұмыстары ұнамады. Ал қалғандары былай жақсы. Көруге болады.

Журналист:

-Фильмнен қандай әсер алдыңыз?

Баглан Жандосов, әнші:

-Жалпы фильм ұнады. Бауырмалдық, адалдық, махаббат секілді сезімдерді насихаттаған.

 

«Братья» атты фильмді Алматы қаласының барлық кинотеартларынан тамашалай аласыздар!

Нет комментариев, оставьте первый

, чтобы оставить комментарий

Рекомендуем

Алматинцам показали комедию «Инстаграмщица»

Сценарист Арыстан Каунев дебютировал в качестве режиссера

Brod.kz

Казахстанское кино

24 Апреля, 2016

«По нулям»

Выход короткометражного фильма в Сети запланирован на конец апреля

Aidana Mamayeva

Рецензии

25 Февраля

«18 килогерц»: что тревожит нашу молодежь?

Казахстанское кино

02 Апреля

Где и как снимали фильм «Зере»

Режиссер Даурен Камшибаев

Знай в лицо

Ллойд Петерсон

Актер

Николай Кацович

Актер

Дмитрий Милютенко

Актер

Глеб Затворницкий

Режиссер

Лазарь Френкель

Режиссер

Андрей Абрикосов

Актер

Николай Трофимов

Актер

Борис Тенин

Актер