È

Мамыр айындағы үздік 7 трейлер

Мамыр айындағы үздік 7 трейлер

Мамыр түрлі трейлерге толы болды. Жалпы, басқа да айлардағыдай... Бүтін бір фильмдер күнде шығып жатқан кезде, трейлерге де неге шықпасқа?! Кейде трейлер алдағы уақытта шығатын фильмнің айналымына жақсы немесе жаман жағынан әсер етіп, көмектесуі де мүмкін. Олардың әсері өте жоғары. Дегенмен, трейлерлердің басты мақсаты – болашақ жобаны жақсы мақсатта таныстыру. Біз сіздердің назарларыңызға дәл осындай трейлерлерді жинақтап қойдық.

 

7. «Махаббат емес»

Режиссері: Андрей Звягинцев

Мемлекеті: Ресей

Жанры: драма

Режиссер Андреяй Звягинцевтің (биылғы Канн кинофестивалінің негізгі байқауына қатысушы) бесінші фильмі біздің де маусым айына арналған топтамамызға кірді. Киноның продюсері Александр Роднянский жобаны Каннда таныстырғаннан кейін, фильмге қатысты барлық материалдар: постер және трейлермен қатар, картинаның шығу күніне қатысты ақпарат – 1 маусым күні де белгілі болды.

 

6. «Соғыс көлігі»

Режиссері: Дэвид Мишо

Мемлекеті: АҚШ

Жанры: комедия, әскери

Сол Канн кинофестивалінде кішігірім келіспеушілік орын алған. Аталмыш шараның ұйымдастырушылары «Netflix» компаниясының бірқатар қызығушылықтарымен келіспей қалды. Ендігі кезекте, көне кинофестивальге кейін кез-келген елде, әсіресе Францияда айналымға шықпайтын фильмдер қатыса алмайды. Кино саласындағы тағы бір кезекті туынды - Брэд Питтің қатысуындағы «Соғыс көлігі» жаңа фильмі. Туындыда Таяу Шығыстағы мағынасыз соғыстың жаңғыруын бейнелейтін бейненің, атышулы әскери адам, генерал Стэнли Маккристалдың Ауғанстандағы америка әскерінің беделін төмендетіп жіберген әрекеттері баяндалады.

 

5. «Қара мұнара»

Режиссері: Николай Арсель

Мемлекеті: АҚШ

Жанры: қиял-ғажайып, драма

Голливуд студияларының тарапынан ұзақ дайындалған жоба режиссер мен басты рөлді сомдаушыларды бірнеше рет ауыстырып үлгерді. Ең соңында екі дөкей жігітті: Идрис Эльба мен Мэттью МакКонахиды бекітті. Олар фильмде рөлдері арқылы өз мінездерін көрсетеді. Әйгілі Стивен Кингтің танымал романдарының бірі кинематография туындысына айналмақ. Ал бұл фильмнің тағдырын көрермен шешеді.

 

4. «Валериан және мыңдаған ғаламшардың қалалары»

Режиссері: Люк Бессон

Мемлекеті: Франция

Жанры: қиял-ғажайып, драма

Бессонның өзі негізін қалаған «EuropaCorp» кинокомпаниясының басшылығы мен қызметкерлері танымал француз режиссерінің жаңа фильмі айналымда өз-өзін ақтап, көрермен тарапынан үлкен қолдауға ие болса екен деп дұға етуде. Компанияның қазіргі ахуалы аса жақсы емес. Сондықтан, олар өндірісіне екі жүз миллион евроға жуық қаржы жұмсаған «Валериан және мыңдаған ғаламшардың қалалары» атты көлемді жобасынан үлкен үміт күтіп отыр. Оның үстіне, Бессон француз комикстеріне құрылған қиял-ғажайып блокбастерін ұзақ уақыт дайындап, бар қаржысын жұмсаған.

 

3. «Өрмекші-адам. Үйге оралу»

Режиссері: Джон Уоттс

Мемлекеті: АҚШ

Жанры: қиял-ғажайып

Бұл - атышулы Өрмекші-адам туралы фильмнің жалғасы. Көптеген жас актерлар ұзақ уақыт бойы осы образды сомдап келе жатыр. Тіпті, олардың жастары да барған сайын төмендеуде. Бәзбіреулер өрмекші адамның рөлін кейін сәби сомдап, ал Мэй әпкейді - сұлу-тинейджер ойнауы мүмкін деп қалжыңдап жатады. бұл ақылға қонымсыз секілді болуы мүмкін. Дегенмен, кім біледі?! Голиввуд басшылығы бокс-офис үшін барлығына баратын шығар.

 

2. «Дюнкерк»

Режиссері: Кристофер Нолан

Мемлекеті: АҚШ

Жанры: драма, әскери

Кристофер Ноланның жанкүйерлері өте көп. Барлығы оның көптен күткен «Дюнкерк» фильмін асыға күтуде. Картина Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі хикаяны баяндайды. оқиға үшке бөлінеді – үш жермен: жер, аспан және сумен байланысы бар үш адам. Шиеленіске толы оқиғалардың шебері Нолан бұл жолы да кинематографтың сюжетті қалай құбылтатынын байқатады.

 

1. «Жүзбен жүгіруші 2049»

Режиссері: Дени Вильнев

Мемлекеті: АҚШ

Жанры: қиял-ғажайып, драма

«Тұтқын қыз» немесе «Қанішер» секілді шиеленіске толы картиналардың тағы бір шебері Дени Вильнев әзірге Нолан секілді танымалдылыққа ие бола қойған жоқ. Дегенмен, ақырындап сол деңгейге көтеріліп келе жатыр. Ридли Скоттың әйгілі «Жүзбен жүгіруші» туындысының жалғасы болып табылатын бұл фильм көптеген дүниені көрсетеді. Ридли Скотт осы фильмнің продюсері ретінде канадалық қоюшының ұстазының рөлін атқарады. Осы айда бүкіл әлем бойынша миллиондаған жанкүйерлер күткен фильмнің толыққанды трейлері шықты. Неонды, сәнді көріністер, жаңбырлы жұмбақ әлем, әбден тозған Райан Гослинг, қарт Харрисон Форд пен қартаймайтын Джаред Лето бар бұл фильмде. Визуалды жағын алаңдамауға болады, ал тарих пен философияның қалай шыққанын фильмнің өзі көрсетеді.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мнения

21 желтоқсан, 2019

Bastau IFF: Жаңа буын киносы қандай мәселелерді көтерді?

«Бастау» ХКФ бағдарламасына шолу

Brod.kaz

Мнения

16 Қыркүйек, 2019

«BAIQONYR» Халықаралық кинофестивалі cтуденттер көзқарасымен

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «кинотану» мамандандыруының 1-курс студенттерінің пікірлері

Brod.kaz

Мнения

6 Қазан, 2018

Baikonyr SFF-2018: Үздік фильмдерге шолу

Baikonyr Short Film Festival – байқауы көркемсуретті, анимациялық және деректі кино секциясы бойынша бағаланды

Brod.kaz

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер