È

Маусым айында күтілетін 7 фильм

Маусым айында күтілетін 7 фильм

Мінеки, жаз да келді. Біреулер маусым айынан бастап демалысқа шығады. Енді біріне босаңсуға әлі ерте, арнайы демалысқа шығатын күнін күтіп жүре тұрады. Дегенмен, көшеге шығып қыдыруға себеп те көп: күн жылынды, ауа-райы қолайлы, әсем кештер мен жұлдызды түндер. Әдеттегідей, табиғатты тамашалап, қыдырып қайтқан соң, көпшілігі кинотеатрларға жол тартады. Маусымдағы әсерлі фильмдердің тізімі қызыққа толы. Тізімде бірнеше көлемді голливудтық жобалармен (негізінен сивкелдер мен жалғасы) қатар, кіші көлемді картиналар да бар.

 

7. «Сұмпайы мен 3»

Жылы / мемлекеті: 2017 / АҚШ

Жанры: анимациялық

Режиссерлері: Кайл Балда, Пьер Коффан, Эрик Гуильон

«Миньондар» мультфильмінің табысынан кейін, авторлар әлемдік жиіркеніші зұлым Дрю туралы фильмнің жалғасын түсіруді ұйғарып, «Сұмпайы мен 3» («Гадкий я 3») картинасын жарыққа шығарды. Осылайша, бүтін бір трилогия дүниеге келді. Біздің білуімізше, анимациялық фильмдерде (әсіресе америкалық) жаңа хикаяларды жеңіл ойлап тауып жатады. «Сұмпайы мен 3» картинасында басты кейіпкердің Грю есімді егіз інісі пайда болады. Ол жаңа күші арқылы көңілсіз, жабырқаңқы, бірақ ақкөңіл ағасын зұлым істерге итермелейді. Барлығы қайтадан домалап, секіріп, құлай бастайды. Миньондар да пайда болады. Оларсыз болмайды ғой енді.

 

6. «Көліктер 3»

Жылы / мемлекеті: 2017 / АҚШ

Жанры: анимациялық

Режиссері: Брайан Фи

Топтамамыздағы кезекті анимациялық фильм ғана емес, қайтадан үшінші бөлім және трилогия. «Көліктер» («Тачки») картинасы әлем бойынша миллиондаған балалардың сүйікті әрі жақын туындысына айналып үлгерді. Фильм басты кейіпкер, жарыс алаңының аңызы Найзағай Маккуинның тағдырын қайталады. Яғни, танымалдылыққа ие бола отырып, брендті табысты түрде алға жылжытып, миллиондаған жәдігерлерді сатып отыр. Жаңа оқиғаның ойдан шығарылғаны және аздап қайталауға ұшырағаны байқалып қалған. Маккуин қайтадан жарысқа қатыса алмайды да, уақытша мансабын тоқтата тұрады. Біраз жаттыққан соң, қайтып келгеннен кейін, барлығын бірден басып озғысы келеді. Біз не дей аламыз, сиквелдер дәуірінде оқиғаларды шиеленістіріп, бір нәрсені қайта-қайта түсіруге болады ғой. Айтпақшы, үшінші бөлім қазақ тілінде де жарыққа шықпақ.

 

5. «Қара көбелек»

Жылы / мемлекеті: 2017 / АҚШ

Жанры: триллер

Режиссері: Брайан Гудман

Американдық жазушылармен әр нәрсе болуы мүмкін. Мұны Стивен Кингтің «Жұмбақ терезе» романының желісімен түсірілген фильм айқындай түседі. Джонни Депптың кейіпкері фильм басында жайсыз оқиғаға тап болса, аяқ жағында драмалық хикаяға айналады. «Қара көбелек» фильмінің сюжеті де ұқсас: Пол – жазушы, ол өзінің де өмірін өзгертетін, жаңа хикаяларды ойлап табушы біртүрлі адаммен кездеседі. Тылсым күш пен детективтің, қорқыныш пен триллердің қосындысы көрерменді сапасымен болмаса да, ерекшелігімен баурап алатыны анық.

 

4. «Мумия»

Жылы / мемлекеті: 2017 / АҚШ

Жанры: фэнтези

Режиссері: Алекс Куртцман

Көптеген фильмдердің және бір франшизаның өзегіне айналған танымал тақырыптың қайта жаңғыруы. Ендігі кезекте, оқиға тылсым күшінен, эзотерикалық мінезінен арылып, өткір сюжетті экшн-триллерге, блокбастерге, басты рөлдегі Том Круздың атыс-шабысына айналады. Ол мыңдаған жылдар бойы марқұм болып жатқан, бірақ біздің жылдарымызда кенеттен қайта оянып, бүкіл әлемді жаулап алғысы келетін Египет патшайымы Аманеттің таңдаулысы болады. Круз кейіпкерінің Джек Ричер мен Итан Ханттан еш айырмашылығы жоқ. Ол да өзін және өзгелерді құтқару үшін барын салады.

 

3. «Махаббат емес»

Жылы / мемлекеті: 2017 / Ресей

Жанры: драма

Режиссері: Андрей Звягинцев

Бірнеше минутқа ойын-сауықтық кинодан алыстай тұрайық. Танымал ресейлік режиссер Андрей Звягинцевтің бесінші фильмі, көптеген фестивальдардың лауреаты «Махаббат емес» («Нелюбовь») фильмі орта жастағы ерлі-зайыптылар Женя мен Бористың отбасы туралы баяндайды. Олардың он екі жасар ұлдары Алеша жоғалып кетеді. Олар жаппай «махаббатсыз» өмірмен және Антониони бағытына сәйкес орысша бейімділікпен арпалысып жүріп, ажырасуды кейінге қалдыра тұрады да, аяқ-асты жоғалып кеткен ұлдарын іздеуге кіріседі. Канн фестивалінің сыншылары Звягинцевтің жаңа фильмін «Елена» және «Левиафан» сынды фильмдерінен бастау алған ақырзаман туралы трилогияның үшінші бөлімімен байланыстырды. «Оралу» және «Қуғын» («Возвращения» мен «Изгнания») туындылары авторының екі жақты тұңғиығы бар фильмі әлеуметтік (қазіргі) және өсиетті (мәңгілік) хикаяға бөлінеді. Фильмнің қандай дәрежеде екендігін бірінші маусымнан бастап көре аламыз.

 

2. «Ғажайып-әйел»

Жылы / мемлекеті: 2017 / АҚШ

Жанры: фантастика

Режиссері: Петти Дженкинс

Кеңейтілген әлемдік DC комиксі одан әрі кеңейе түсуде. Енді Marvel-мен бәсекелес жеке жоба комикстер әлеміндегі тағы бір кейіпкерге толықты. Ол - израиль актрисасы Галь Гадоттың орындауындағы Ғажайып-әйел. Бойжеткен экранда салт аттылар ханшайымы, жауынгер Диананы сомдайды. Әлемде Бірінші дүниежүзілік соғыс басталған кезде, ол өзінің тағдырын жолықтырады да, өмірі күрт өзгереді. Фильмді де әйел түсірген. Петти Дженкинс – «Құбыжық» картинасы арқылы танымал болған режиссер. «Ғажайып-әйел» жобасында саяси астар да бар, ірі студиялардың иелері демократияланып, ілгерілеп жатқан жастардың арасында танымал болу үшін жаңа мүмкіндіктерді іздейді.

 

1. «Трансформерлер: Соңғы сарбаз»

Жылы / мемлекеті: 2017 / АҚШ

Жанры: қиял-ғажайып, блокбастер

Режиссері: Майкл Бэй

Соңғы сарбаз, соңғы джедай, соңғы батырлар – біздің ылғи осы жобалардың соңғы нұсқасы екендігіне, осыдан кейін жаңа хикаялар мен жаңа батырлар пайда болатындығына сендіреді. Бірақ, олай емес. Барлығына аздаған өзгерістер мен түзетулер енгізіліп, оқиға қайталана түседі. Соңғы сауалнамалар мен мәліметтерге сәйкес, адамдар сиквелдер мен қайталанудан жалыққан сыңайлы. Тіпті, құлдырауға ұшыраған бірнеше фильмдер де бар. Дегенмен, бірнеше франшизаларды көрген соң сұрақтар туындайды. Ал мына фильмдерге не болмақ? «Форсаж», «Кек алушылар», «Қарақшылар». Мағынасы жоқ, шаршаңқы, бірақ көруге тұрарлық оқиғалар әлі де миллиардтаған табыс әкелуде. Олардың арасында «Трансформерлер» - Голливуд тарихында талғамы жоғары Майкл Бэйдің баласы іспетті. Жаман пиғылды роботтар қайтадан ғаламшарды құртуға кіріседі. Көлемі - керемет көрініс. Көрермен де асыға күтіп жүрген болар.

 

 

Бағлан Құдайберлиев

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мнения

21 желтоқсан, 2019

Bastau IFF: Жаңа буын киносы қандай мәселелерді көтерді?

«Бастау» ХКФ бағдарламасына шолу

Brod.kaz

Мнения

16 Қыркүйек, 2019

«BAIQONYR» Халықаралық кинофестивалі cтуденттер көзқарасымен

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «кинотану» мамандандыруының 1-курс студенттерінің пікірлері

Brod.kaz

Мнения

6 Қазан, 2018

Baikonyr SFF-2018: Үздік фильмдерге шолу

Baikonyr Short Film Festival – байқауы көркемсуретті, анимациялық және деректі кино секциясы бойынша бағаланды

Brod.kaz

Таныс бейне

Әмір Қарақұлов

Режиссер

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса