È

Қарлығаш Мұхаммеджанова актердің шынайы өмірі жайлы әңгімелеп берді

Қарлығаш Мұхаммеджанова актердің шынайы өмірі жайлы әңгімелеп берді

Сіздің ата-анаңыз шығармашылық адамдары. Бұл сіздің болашақ мамандығыңызды таңдауға қандай да бір әсерін тигізді ме?

– Жоқ. О баста ата-анам менің шығармашылық жолды таңдауыма қарсы болды. Өздері шығармашылық адамдары болғанымен кез келген ата-ана секілді олар да балаларының ауыр жолды таңдағанын қаламайды ғой. Және бұл дұрыс та.

Ал сіз балаңыздың өзіңіздей актер мамандығын таңдағанын қалар ма едіңіз?

– Менің балам өз қалауымен мамандық таңдаса және өз таңдауынан ләззат алса екен деп ойлаймын.

Үлкен кинодағы алғашқы рөліңіз, тәжірибеңіз туралы айта отырсаңыз?

Бұл осыдан біраз уақыт бұрын еді. Нақтырақ айтсам, 2007 жылы «Лавэ» фильмінде. Мен ол кезде қандай да бір жетістікке жетуге ұмтылған да емеспін, түсіру алаңына да кездейсоқ келдім. Басқа қыздар секілді мен де кастингке қатыстым. Бағыма қарай, мені таңдап алды. Осыдан кейін менде кино әлемінің ғажайыбына деген қызығушылық оянып, киноның өзіме ұнайтынын түсіндім.

Актерлық шеберлікті оқып, үйренуге бола ма. әлде тума талант болу керек пе?

– Бәрі де болу керек. Бір ғана талант аздық етеді, еңбекқорлық пен төзімділік қажет. Кинода өте көп еңбектену керек. Өз басым сәттілікке де сенемін.

Сіз маған «Бүкіл әлем біздің табанымыздың астында» («Весь мир у наших ног») фильмінен өте салмақты, кербез қыз ретінде есімде қалдыңыз. Өзіңізге қандай кейіпкердің рөлін ойнаған ұнайды?

– Бұл сұрағыңызға нақты жауап беру қиындау. Егер өзім ойнаған кейіпкерлердің арасынан айтар болсам, өзіме жақыны «Алқызыл қоян туралы ертегі» фильміндегі кейіпкер. Осы фильм көптеген жас актерлерді атақты етті. Сол фильмдегі қыз маған ұқсайды. Сондықтан болар мен осы фильмде өмірде қандаймын, сондай қалпымнан өзгерген жоқпын. Бірақ мен осы фильм арқылы ғана көрерменнің есінде қалғым келмейді. «Е, мынау әлгі «Қояндағы» қыз ғой» деп айтқандарын қаламас едім. Иә, мен үшін бұл фильмнің орны бөлек, дегенмен мені көрермен экрандағы басқа ленталар арқылы да қабылдаса екен деймін.

– Бұл фильм сіздің танымал етті. Танымалдықың алғашқы кезеңдерінде қандай сезімде болдыңыз?

– Несіне жасырайын, танымалдық көңіліме жақты. Жалпы алғашқы кезде актерлердің бәрі өзінің атына жұмыс істейді, кейін аты өзіне қызмет етеді. Кейде белгілі адамдар: «Табынушылар әбден шаршатты» деп жатады. Мен мұндайды түсінбеймін. Өйткені біз көрермен үшін, біздің өнерімізді бағалайтын табынушыларымыз үшін еңбектенеміз ғой. Алғашқы кезде автограф беру, фанаттармен бірге суретке түсу маған ерекше көңіл-күй сыйлайтын, кейіннен бұған шығармашылық жұмысымның бір бөлігі ретінде қарайтын болдым. Мен өз жұмысымнан ләззат алатынымды айтқым келеді. Әрбір әртістің өз жанкүйері болу керек.

– Балалық шақта көбіміз актер немесе балет бишісі, енді біріміз ғарышкер болуды армандаймыз ғой. Сіз кім болсам деп армандадыңыз?

– Мен актер боламын деп армандаған жоқпын, ал балерина болғым келгені рас, тіпті аздап биледім де. Мен балет мектебіне 2 жылдай бардым, аяғымды сындырып алған соң менің биші ретіндегі карьерам аяқталды.

Кішкене кезінде актер болуды армандайтындар өзінің қызыл кілемнің үстінде жүргенін, миллиондаған табынушыларының болғанын көзіне елестетеді. Шындығында актердың өмірі осындай ма?

Білесіз бе, өмір деген қызық қой. Кинемотографияға ешқандай қатысы жоқ кейбір адамдар әлеуметтік желіде маған жазып жатады. «Актриса болуыма көмектесіңізші» немесе «Мені кез келген рөлді ойнауға алыңызшы» деген мағынадағы хабарламаларды жиі аламын. Міне, осындай адамдар актерлердің өмірі әдемі деп ойлайды. Шыныдығында мен кейбір актерлердің түсіру алаңынан ат тонын ала қашқанына талай куә болып жүрмін. Өйткені актердің жұмысы оңай емес.

– «Аманат» фильмі туралы айтып беріңізші. Жалпы тарихи жанр өте күрделі ғой. Ал актерлердің ойыны қаншалықты қиын болды?

– Иә, фильм өте күрделі, автобиографиялық фильм. Көптеген көріністер далада, кейде тіпті түнде түсірілгендіктен фиизикалық жағынан қиындықтар болды. Қиынның қиыны мен үшін фильмді экраннан көретін шынайы кейіпкерді ойнау еді. Сондықтан өте қатты толқыдым. Фильмнің жабық көрсетілімінде мен сомдаған кейіпкердің өзі келіп менің ойыныма риза болғанын, оған ұнағанын айтқанда менен бақытты жан болмады.

Әлеуметтік қолдау, қайырымдылық шараларына қалай қарайсыз?

– Мен өз басым қайырымдылықпен айналыспаймын, өйткені оған өте көп қаржы керек. Дегенмен қайырымдылық жобаларға қатысып тұрамын. Жәрмеңкелерге барып тұруға тырысамын.

– «Сәбина келін» фильмі жайлы өзіңізден сұрамай кете алмаймыз. Түсіру алаңындағы жағдай туралы айта отырсаңыз?

– Түсіру алаңындағы көңіл-күй өте керемет болды. Алаңда ылғи да көңілді жүрдік. Өйткені фильмнің режиссері, басты актеры Нұртас Адамбайдың өзі өте көңілді жігіт қой. Дегенмен оның қаталдығы да жоқ емес, бәрі тәртіпке бағынатыны сезіліп тұрады.

Маған да бәрі өз орнымен,өз уақытында болғаны ұнайды. Нұртаспен жұмыс істеген өте ыңғайлы. Бірақ уақыттың тығыз болғандығынан біраз тықыршыдық, сондықтан күн демей, түн демей жұмыс істеуге тура келді.

Асель Садвакасова

– Ал осы фильмге түсуге қалай ұсыныс алдыңыз?

– Маған Нұртастың өзі хабарласып: «Біз «Сәбина келіннің» екінші бөлімін түсірмекпіз, соған сенің кандидатураңды қарасытырып жатырмыз» деді. Бізде бірнеше бейнесынақ болған, осыдан кейін Нұртас өзінің таңдауын жасады. Мен өте қуанышты болдым. өйткені бұл менің комедия жанрыныдағы алғашы тәжірибем. Бірақ менің кейіпкерім бас кейіпкерлермен салыстырғанда аса күлкілі емес, салмақтылау. Қазір тек көрерменнің қалай қабылдағанын, қалай бағалағанын байқау қалды. Фильмнің екінші, үшінші бөлімін түсірген кезде қорқыныштың болатынын да заңдылық. Дегенмен мен бұл фильмнің өз көрерменін табатынына сенемін.

– Мен де солай ойлаймын. Өйткені фильмнің бірінші бөлімі көрерменнің көңілінен шықты ғой. Қарлығаш, сіздің болашаққа жоспарыңыз қандай? Жақын болашақта сіздің орындауыңызда экраннан не көре аламыз?

– Қазір мен «Қазақ хандығы» жобасына қатысудамын. Мен үшін бұл өте ірі көлемдегі ең алғашқы тарихи жобам. Қазір жұмыс жүріп жатыр, картина көрерменге ұнайда деп үміттенемін.

– Әңгімеңізге рахмет!

Сұқбаттасқан Виталина Красикова

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Әмір Қарақұлов

Режиссер

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса