È

Бүгінгі студенттік киноның жай-күйі

Бүгінгі студенттің киноның жай-күйі

Студенттік фильмдер ол ең бірінші - қысқаметражды кино. Алғашқы тәжірибелер мен режиссер толғанысының шынайы көрінісі. Өзіндік стилін қалыптастыру және ойын емін-еркін жеткізу мүмкідігі.

Осы күнге дейін тым-тырыс қалған студенттік фильмдердің жәй-күйін 2015 жылы «Бастау» халықаралық кинофестивалінен шет қалған фильмдердің «Три дня отверженных» атты көрсетілімі айшықтап берген секілді. Өз деңгейінде бағаланбай келе жатқан студенттік фильмдер осындай наразылығы арқасында киномамандардың назарын өзіне аударып, жаңа қозғалыс алды.

Бүгінде қысқаметражды фильмдерге арналған екі бірдей республикалық кинофестиваль ұйымдастырылды. Алматы мен Астана қалаларында аталып өтетін «Байқоңыр» және «Сарыарқа» қысқаметражды кинофестивалі. Халықаралық деңгейдегі «Бастау» студенттік фильмдер мен киномектептердің фестивалі, «Евразия» кинофестивалі аясындағы «қысқаметражды фильмдер» байқауымен салыстырғанда бұл республикалық фестивальдер бүгінгі студенттік фильмдеріміздің өзара сайысқа түсіп, алған бағытын, көркемдік тұрғыда ерекшеліктерін саралауға мүмкіндік болып отыр.

Сонымен, жас режиссерлардың фильмдеріндегі ортақ тенденциялар:

Бүгінгі жанұялар қандай

Фильмдер: Дархан Төлегеновтың «Таң сәулесінің шапағаты», «Маршрут» фильмі, «Әке», реж. Фариза Танаева, «Қаттырақ қағыңыз!», реж. Малик Зенгер.

Режиссерлар өзінің жастығына қарамастан, отбасылық қарым-қатынастың күрделі мәселелерін қозғайды. «Жаңа толқын» бағытынан бергі фильмдермен салыстырғанда бұл фильмдердегі кейіпкерлер орын алған мәселенің шешімін іздеуге тырысады және болашаққа үмітпен қарайды.

Ер бала бейнесі

Фильмдер: «Картоп жегіштер», реж. Шарипа Уразбаева, «Шатырдағы кептер» реж. Ольга Коротько, «Еркек», реж. Берік Жаханов, «Шакал» реж. Айсултан Сеитов.

Қазақ киносындағы буындар байланысың көрінісі болып табылатын ер-бала бейнесі қоғамдық, саяси жағдайларға байланысты өзгеріп отырды. Аталмыш фильмдердің басты кейіпкерілері екі-жақты көзқарас қалыптастырады. Бірі өзіне сенімділікті, жауапкершілікті мойнына алатын кейіпкер болса, екіншісі кересінше, қорғансыз, әлсіз, әлдебір оқиға салдарының құрбаны болады. Мұндай көрсеткіш еліміздегі балалар тақырыбындағы фильмдердің баяу қозғалысының әсері болу керек шамасы. Бүгінде бала бейнесінің болмысы, қоғамдағы орны беймәлім. Және де мұндай жағдайға жас режиссерлардың алаңдаушылығы байқалады.

Оралу мотивациясы

Фильмдер: «Аялдама», реж. Диас Кулмаков, «Жер-ана», реж. Бану Рамазанова, «Закрыто на зиму», реж. Джанибек Муртазин, «Ақшатау», реж. Кайша Рахимова.

Бұл фильмдердің кейіпкерлері кездейсоқ немесе арнайы түрде ауылға, өзінің туып-өскен жеріне келеді. Кейіпкердің жан дүниесіндегі қуыстықты түпкі негізінен осы жерден іздейді.

P.S. Қазіргі студенттік фильмдер қазақ киносында кеңінен насихатталып жүрген «Партизандық кино» қозғалысының әсерінен алшақ. Атап айту керек, бұл қозғалыс жастардың мүддесі үшін болсада, шеңберінде бірде-бір студент режиссер жоқ. Кәсіби тәжірибе, танымалдылық, фестивальдер мүмкіндігінен бөлек, студенттерге үлкен кино әлемінде жеке даралығын жоғалтып алмау маңыздырақ болып отыр.

 

Ержан Жұмабеков

 

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мнения

21 желтоқсан, 2019

Bastau IFF: Жаңа буын киносы қандай мәселелерді көтерді?

«Бастау» ХКФ бағдарламасына шолу

Brod.kaz

Мнения

16 Қыркүйек, 2019

«BAIQONYR» Халықаралық кинофестивалі cтуденттер көзқарасымен

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «кинотану» мамандандыруының 1-курс студенттерінің пікірлері

Brod.kaz

Мнения

6 Қазан, 2018

Baikonyr SFF-2018: Үздік фильмдерге шолу

Baikonyr Short Film Festival – байқауы көркемсуретті, анимациялық және деректі кино секциясы бойынша бағаланды

Brod.kaz

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер