È

Вайнштейн ісі: қазақстандық кинематографшылар ол туралы не ойлайды екен

Вайнштейн ісі: қазақстандық кинематографшылар ол туралы не ойлайды екен

Американдық актриса Эшли Джад белгілі бір америкалық басылымға берген сұхбатында кинопродюсер Харви Вайнштейн тарапынан болған зорлық туралы айтып берген. Бұл мәлімдемеден кейін осыған ұқсас айыптауларды тізбектеп, 15-тен аса актриса кино қайраткерлеріне қарсы шағымданған, оның ішінде Анджелина Джоли, «Тақтардың ойыны» картинасының жұлдызы Лена Хиди және т.б. бар. Харви The Weinstein Company және Miramax Films қызметінен босатылды, бірақ оған қарсы айыптаулар әлі де толастар емес. Біз бұл жағдайға қазақстандық кино қайраткерлерінің қалай қарайтынын және осыған ұқсас даудың Қазақстанда болуы мүмкін екенін немесе еместігін білуге тырыстық.

Режиссер Асқар Бисембин бұл жанжалға атүсті қарайтынын және осындай жағдайларда актрисаларға не істеуге болатынын түсінбейді.

«Мүмкін, дер кезінде айтуы керек шығар. Егер өндірісті тазалауды мақсат тұтса, әрине. Сол кезде барлығы бұрынғы қалыпта қалар еді, тек продюсерлер біраз байқампаз болатын шығар»,-деп жымиды режиссер.

Ал режиссер Асқар Ұзабаев бұл жағдайға қатысты ешқандай жауап айтпайтынын, оның мүлдем қызықтырмайтынын алға тартты, себебі оның пікірінше, режиссерлар, актерлар, продюсерлер фильм өндірісі туралы ғана ойлауы қажет.

Актриса Динара Бактыбаева
Актриса Динара Бактыбаева

Актриса Динара Бақтыбаева бұл жаңалыққа келесідей пікір білдірді:

«Егер сен актриса ретінде қалыптасып, соңы немен аяқталатынынан қорықпасаң, бұл туралы үрейленбей айтуға болады. Егер жас актриса болсаң, сені ешкім де елемейді, тіпті жолыңды жауып тастауы да мүмкін. Негізі, жанжал өндіріске ешқандай әсер етпейтін сияқты. Оны қызметінен босатты, болды. Менің ойымша, мұндай жағдай продюсерлерге де әсер етпейді, оқиға кейін ұмытылып кетеді де, барлығы бұрынғы қалыппен жұмыс істей береді».

Ал «осы тектес жағдайлардың отандық кинода болуы мүмкін бе?» деген сұрағымызға Асқар Бисембин жалтарып жауап берді.

«Мұндай жанжалдың біздің елімізде болатынына сенімді емеспін. Біздің ділімізде зорлық көрсеткенге емес, актрисаларға тап береді ғой. Жалпы, киномызда осыған ұқсас жағдайлардың болғанын естігенмін, бірақ ешкімді атамаймын»,-деді Бисембин.

Режиссер Аскар Бисембин
Режиссер Аскар Бисембин

Динара Бақтыбаева өз кезегінде қызықты оқиғаны баяндап берді:

«Өз басым осындай жағдайларды көп естідім, актрисалар мен жоғары жақтағы адамдардың байланысы туралы әңгіме 6 жыл бұрын болған. Қазір мұндай әңгімелер жоқ. Маған бір жерге баруға ұсыныс тастап, кейіннен жарқын болашақ жасап беруге уәде берген адамдар болды. Бірақ, мен әрине, бас тарттым. Тек мынаны сенімді түрде айта аламын, өзім танитын әрі араласатын актрисалардың барлығы жетістікке дарындарының арқасында ғана жете білген. Сондықтан, нақты деректерді айта алмаймын, барлығы өсек деңгейінде қалып қояды ғой. Дегенмен, аталмыш жағдайлар бізде де бар, оны жоққа шығаруға болмайды»,-деп бөлісті актриса.

Қалай болғанда да, ең соңында көрермен түрлі жаңалықтар мен өсектерге емес, кинематографшының экрандағы жұмысы мен дарынына қарап бағалайды емес пе? Нағыз талантты жанның ешқандай да бұлтарыссыз ертелі-кеш әйтеуір танымалдылыққа ие болатыны сөзсіз.

 

 

Альберт Ахметов

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мнения

21 желтоқсан, 2019

Bastau IFF: Жаңа буын киносы қандай мәселелерді көтерді?

«Бастау» ХКФ бағдарламасына шолу

Brod.kaz

Мнения

16 Қыркүйек, 2019

«BAIQONYR» Халықаралық кинофестивалі cтуденттер көзқарасымен

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «кинотану» мамандандыруының 1-курс студенттерінің пікірлері

Brod.kaz

Мнения

6 Қазан, 2018

Baikonyr SFF-2018: Үздік фильмдерге шолу

Baikonyr Short Film Festival – байқауы көркемсуретті, анимациялық және деректі кино секциясы бойынша бағаланды

Brod.kaz

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса

Нұрлан Әлімжанов

Актер