È

«Еркек»: бүгінгі бала бейнесі

«Еркек»: бүгінгі бала бейнесі

Берік Жахановтың «Еркек» фильмі 12-15-ші желтоқсан аралығында Бишкек қаласында өтетін «Қырғызстан-қысқаметражды фильмдер мекені» VІ-Халықаралық кинофестивальнің конкурстық бағдарламасына енді. Бұған дейін фильм І-ші «Байқоңыр» республикалық қысқаметражды кинофестивалінде «Үздік актер» (Нұрғали Нұғман сомдаған бейнесі үшін) номинациясы бойынша марапатталған болатын.

Фильмнің басты кейіпкері - Азамат. Ол анасымен бірге жатақханада тұрады. Оқиға жасөспірімдер арасындағы орын алған кейкілжіңмен басталып, араға жылдар салып оралған әкесінің мәселесімен жалғасады. Әкелі-балалы екеуінің басына туған мұндай жағдай қатар өрбітіледі. «Бірінші ақылмен шешіп көр. Болмаса, аяма» - дейді әкесі. Өз кезегінде әкесінің мақсаты жанұясымен түсінісіп, ұлын өмірдің оңды жолына бағыттап жіберу болғандай.

Фильм режиссерлық шешімдер, актерлық ойынның шеберлігімен ерекшеленді. Әсіресе, есікпен байланысты эпизодтағы кейіпкерледің орналасу реті сол жанұяның образын аша білді. Арғы беттен есікті қағып тұрған әкесі, бергі беттен оны көруді қаламайтын анасы. Ортасында әбігерге түскен – Азаматтың бейнесімен бірге оның жан дүниесіндегі толқынысын ұтымды пайдаланған дыбыс пен камераның жұмысы арқылы сезінеміз. Ол әкесін кінәлауға асықпайды, керісінше әкесі үшін басын қатерге тігуге дайын. Фильмнің тақырыбы да, бас кейіпкердің есімі де кездейсоқ таңдалмаған. Азамат – жас болсада жауапкершілікті сезіне білетін, өзіне сенімді кейіпкер. Осылайша, режиссер қазақ киносындағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты, бала бейнесін жаңа көркемдік деңгейде көрсетті.

- Т. Жүргенов өнер академиясына тапсырып жатқанда жанұямызда трагедия болды, әкем өмірден қайтты. Сол кезде бұл оқиғаға дипломдық фильм түсірем деп ойладым. Солай да болды. Бұл фильм жайлы әр уақытта ойлап жүрдім деп айта алмаймын. Ол өзі мені жетеледі. Бастапқыда басқа оқиғаға құралған фильм жазғанмын, ол маған ұнайтын. Бірақ ол оқиғаға бір нәрсе жетіспейтін. Сол уақытта бір түсті жиі қайталап көре бастадым. Даладағы жиі қағатын ақ есік, және сол есікті ашу үшін оған жете алмайтынмын. Бұл барлық көріністер ортақ оқиға болып бірікті – дейді режиссер.

P.S. Бүгінгі жас режиссерлардың фильмдерінде ортақ тенденциялар байқалады. Мәселен, «Байқоңыр» кинофестивалінің бағдарламасындағы фильмдердің бір бөлігі осы отбасылық мәселелерді қозғайды. Дархан Төлегеновтың «Таң сәулесінің шапағаты», «Маршрут», Ольга Коротьконың «Шатырдағы кептер», Фариза Танаеваның «Әке», Малик Зенгердің комедиялық «Қаттырақ қағыңыз!» фильмдері. Әрине, бұл фильмдердің бағыты, құрылымы жан - жақты. Дегенімен, көп жағдайда орталық кейіпкер бала немесе жасөспірімнің тағдырына деген алаңдаушылық бар.

 

Ержан Жұмабеков

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мнения

21 желтоқсан, 2019

Bastau IFF: Жаңа буын киносы қандай мәселелерді көтерді?

«Бастау» ХКФ бағдарламасына шолу

Brod.kaz

Мнения

16 Қыркүйек, 2019

«BAIQONYR» Халықаралық кинофестивалі cтуденттер көзқарасымен

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «кинотану» мамандандыруының 1-курс студенттерінің пікірлері

Brod.kaz

Мнения

6 Қазан, 2018

Baikonyr SFF-2018: Үздік фильмдерге шолу

Baikonyr Short Film Festival – байқауы көркемсуретті, анимациялық және деректі кино секциясы бойынша бағаланды

Brod.kaz

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер