È

«Гоголь. Вий»: Аса зиянды сұлулық

«Гоголь. Вий» фильмі жайлы пікір

2017 жылы киноэкранға режиссер Егор Барановтың Николай Васильевич Гогольдің классикалық әдебиетінің желісімен түсірілген «Гоголь. Бастама» картинасы шығып, соңғы уақыттағы ең сәтті ресейлік жанрлы фильм болған еді. Бір қызығы, «Гоголь» бастапқыда телехикая ретінде жобаланған, бірақ түсірілім аяқталған соң толықметражды фильмдер топтамасын шығару туралы шешім қабылданды. Бұл шешімнің дұрыстығын кинотрилогияның алғашқы бөлімі растады – көрермендер жалғасын тағатсыздана күтті.

Жас жазушы Николай Гоголь «элита» өкілдерімен бірге Диканька ауылында өзінің қайтыс болған бастығы, тергеуші Гуроның сандығын ашады, ол жақтан бір үйшікте қыздарды өлтіріп жатқаны туралы заңдылықты көрсеткен хатты тауып алады. Келесі өлімнің жақын арада орын алатыны мәлім болады. Гоголь жергілікті полиция басшысының, ұста Вакуланың және дәрігердің қолдауымен трагедияны болдырмауға тырысады. Бірақ, олар кіммен кездесетіндерін білмейді, кімнің қас, кімнің дос екені де беймәлім. Барлығы Гогольдің біртүрлі елестері арқылы шиеленісіп кетеді.

Көп бөлімді фильмнің (3 және 4 кіріспе) екінші бөлімі де алғашқы «Гоголь. Бастама» секілді оқиғаға толы болып келеді, оған тағы да Егор Баранов режиссерлік етті. «Гоголь. Бастама» алғашқы картинасынан айырмашылығы - детективті құрамы және экшн, ал әзіл мен эротикалық көріністер азайған. Бірақ, олар мүлдем жоқ деген сөз емес, кейіпкерлер сөзінен сарказм байқалады, олар тұрмыстық және саяси тақырыптарды қозғайды.

Бірінші фильмдегідей, техникалық жағы да әсерге бөлейді. Түсірілім тобы үздік голливуддық бөліктерді қолдана отырып, ерекше славян бояуын сақтады да, өзіндік бір фильмді жарыққа шығарды. Картина қанық болып шықты, әрекет жылдам өрбиді, фильм бойы сценаристер көрермендерге жаңа тосын сыйлар ұсынады, яғни іш пыстырмайды. Ал соңғы бөлігі, шарықтау шегіне сай, жарық пен түнектің қарсыласуына қатысты әсерлі көріністерге толы болды. Сондай-ақ, хикая қызықты жерінде аяқталып қалады, демек көрермен «Гоголь. Сұмдық кек» атты келесі бөлімін тағатсыздана күтуі керек.

Сценаристер түпнұсқаға – классика туындыларына ерекше қарады. Бір жағынан, барлығы араласып кетті, Гогольдің түрлі туындыларының сюжеттері жаңа хикая материалы атанды, оларды жас аудиторияға түсінікті әрі жақын қылу үшін экрандау жеңіл болды. Бір жағынан – сценарий авторлары түпнұсқаға ерекше қарады, баяндаудың уақытын, кейіпкерлер есімін, маңызды оқиғаларды және «Диканька маңындағы үйшіктегі кеш» кітабы мен «Вий» повестінің ауанын сақтап қалды. Нәтижесінде, «Гоголь. Вий» айналымдағы өмірлігімен ғана емес, кассалық жинақ жағынан табысты жоба болып көрінеді. Сценарийі көрсетілім кезінде фильмнің аяқталып қалмауын тілеп отыратындай керемет жазылған.

Актерлік құрамына келер болсақ, ол мүлдем өзгерген жоқ. Иә, Олег Меньшиковтың кейіпкері тергеуші Олег Гуро кинохикаяның екінші бөліміне жете алмады, сондықтан ол фильмде жоқ. Бірақ, Юлия Франц сомдаған тартымды жалмауыз, Ян Цапник ойнаған тартымды дәрігер, Евгений Стычкиннің орындауындағы қатал полиция басшысы бар. Басты рөлдегі Гогольді сомдаған Александр Петровтың бірінші фильмдегідей, сырт келбеті жазушыға ұқсайды, алайда серіктестерінің арасында онша байқалмайды.

«Гоголь. Вий» көрерменді жақсы мағынада қинайды. Техникалық бөлігі халыққа ерекше көңіл-күй сыйлап, эстетикалық ләззатқа бөлейді. Бірақ, бұл бір жағы ғана. Көрермендердің жүйке-жүйесі, сезімдері сынаққа салынады, фэнтези-хоррор элементтерімен араласқан тылсым көріністер сезімтал киномандарды дүр сілкіндіреді. Картина аяқталған соң, көрермендер рухани арпалысқа түседі, себебі фильмнің биылғы жылдың тамыз айында шығатын келесі жалғасын тағатсыздана күтетін болады.

 

 

Киноға Альберт Ахметов барды

 

«Гоголь. Вий» фильмінің кестесін кинотеатрлар афишасынан көре аласыздар.

 

«Бродвей» редакциясы «Гоголь. Вий» фильмінің көрсетіліміне шақырғаны үшін Meloman Entertainment және Chaplin MEGA Park-қа алғыс білдіреді.

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Әділет Әбдірәсіл

Актер

Әсет Әбдірәсіл

Актер

Ахат Ибраев

Режиссер