Қанат Төребай Қазақстан Кинематографшылар одағы төрағасының жұмысына разы емес
Продюсер Қанат Төребайдың бастамасымен ҚР Кинематографшылар одағының ревизиялық комиссиясы КО кезектен тыс съезіне шақыртуына бастамашылық жасады. Шарада Одақты басқару төрағасы қайта сайланбақ. 20/12/2017 жылғы Басқарма шешіміне сәйкес, қазақстандық кино қайраткерлердің жиналысы 24 ақпанда өтеді. Қанат Әшірбекұлы Одақ мүшелерін аяқ астынан жинауға не себеп болғанын «Бродвей» кинопорталына айтып берді.
2016 жылы қаңтарда Қазақстан кинематографшылар одағының XIV съезі өткен болатын, ол кезде Сламбек Тәуекел төраға болып тағайындалған. Мекеме жарғысында көрсетілмегенімен, оған қосымша төраға сайлау туралы ұсыныс айтылады. Сайлауда 2/3 дауыс жинаған үміткер төраға атанады. Бірақ, үміткерлердің ешқайсысы ⅔ дауыс жинамады, сондықтан 2-тур өткізуге тура келді. Съезд делегаттары үміткерлер бағдарламасын тыңдап, талқылап, дауыс берді, Басқарманы таңдады, кейін барлық дауыс санын санап, қатты шаршағандықтан, кетуге ыңғайланды. Сондықтан, екінші тур өткізудің қажетінің жоқтығын алға тартып, көп дауыс жинаған Сламбекті төраға ретінде сайлау ұсынысын білдірді. Сонымен қатар, екінші үміткер өкпелемес үшін, барлығы екі төраға сайлауға бекінді. Елдер асыққандықтан, келісе кетті. Осылайша, екі қосалқы төраға пайда болды. Бір жыл өтпей тұрып, Сламбек Тәуекел өз еркімен қызметінен кетеді. Сонымен, дауыс беру нәтижесі бойынша сайланған қосалқы төраға Ахат Ибраев жалғыз төраға болып қалды. Заңгер маманы және КО мүшесі ретінде мен осыған қарсымын. Көп дауысты басқа адам жинайды, ал төраға басқа адам болады. Бұл қалай болғаны? Тәуекел қызметінен кетсе, оның жинаған дауыстары «мұрагерлік» жолмен келесі үміткерге беріле ме? Кім оған рұқсат беріпті? Бұл заңды ма? Екіншіден, жарғыға ақыры түзетулер енгізілмеді, дәлірек айтқанда, қос төрағаның болуы мүмкін емес, егер біреуі кетсе, екіншісі автоматты түрде өз міндетін ғана орындайды. Жарғыда басқа дүние жазылған, ал іске келгенде, басқа міндеттер орындалып жүр.
2016 жылғы сайлаудың алдында Ахатпен біраз әңгімелескенмін: «Саған Кинематографшылар одағының төрағасы болудың не қажеті бар, сен кино түсіресің ғой. Ол жақта Одақ мәселелерімен айналысатын адам отыруы керек». Ол маған: «Жоқ, мен барлығын жасаймын» деген болатын. Мен Одақтың 2 жыл ішінде не істегенін білмеймін. Сол себепті, сол жылдың жазында ревизия комиссиясының мүшесі ретінде комиссия жинадым да, барлығымыз Одақтың қаржылық жағдайын талқыға салдық, сол кезде бірқатар қарыздар шықты, сол үшін де жарық, телефон өшірілген. Бірақ, басқарма Ахат Ибраевқа барлығын түзету үшін біраз уақыт берді, егер орындамаса, тиісті шара қолданады. Алайда, жарты жылдың ішінде аз ғана дүние өзгерді. Ол Кино үйіне күрделі жөндеу жүргізіп жатқан жаңа жалға алушыны тапқан шығар. Дегенмен, жарғыда кез-келген интерьердің өзгертілуі, күрделі жөндеу құрамына 21 адам енген Басқармамен бекітілуі тиіс екені жазылған. Бірақ, Басқарма отырысында, 20 желтоқсанда «Қалайша жеке өзің шешім қабылдадың?» деген сұраққа, Ахат Ибраев былай деп жауап берген: «Осылайша бар жауапкершілікті бірауыздан өз мойныма алдым».
Мен – кертартпа емеспін, дегенмен кеңес кезеңінде бұл шынымен де Кинематографшылар үйі болатын. Ол жерге әріптестер жиналатын, кейде ішетін, бильярд ойнайтын, көптеген көрсетілімдер мен шаралар өткізетін, түрлі идеялар туындап, шығармашылық сұрақтар талқыланатын, яғни қозғалыс болатын. Ал қазір ше?
Жаңа жалға алушы бізге күрделі жөндеу жүргізіп, құрылғыларды жаңартуға қомақты қаржы салып жатыр. Әрине, ол ақшаны қайтарып алмағанша, пайда таппағанша, бұл ғимаратты Кинематографшылар одағының мекені деп айтуға бола ма? Біз ол жақта бастық емеспіз. Себебі, Одақ қызметкерлері отырған бөлмелер қазір жоқ, ол жақта жалға алушы отыр. Отыратын орын болмағанда, қандай жұмыс туралы сөз қозғауға болады? Ол жақта табыс әкелетін караоке, кабаре, сауна, түнгі клуб болса да, Одаққа келіп-кетері бар ма? Кинематографшылар одағында жүздеген адам бар, олар бұл жағдайдан пайда көріп отыр ма? Мәселе ақшада емес. Айтарлықтай бір қызмет болуы керек қой. Мен – кертартпа емеспін, дегенмен кеңес кезеңінде бұл шынымен де Кинематографшылар үйі болатын. Ол жерге әріптестер жиналатын, кейде ішетін, бильярд ойнайтын, көптеген көрсетілімдер мен шаралар өткізетін, түрлі идеялар туындап, шығармашылық сұрақтар талқыланатын, яғни қозғалыс болатын. Ал қазір ше? Соңғы бірнеше жылда Кино үйінде жалға алушылар отыр. Одақ мүшелері ол жаққа съезд кезінде ғана барады.
Кино үйінің күрделі жөндеуі. Суретті КО жауапты хатшысы Сатыбалды Текеев ұсынды
Бұрын одақ өмірден біреу өткенде белгі қоятын, ал мерейтойда құттықтау құжаттамасын беретін. Қайраткерлерді кино марапаттармен марапаттап, қазақ киносы күндерін өткізетін, ауыл-ауылға шығармашылық топ болып баратын, отандық киноларды көрсетіп, актерларды көрермендермен қауыштыратын. Қазір мұның барлығы жоқтың қасы. Иә, олар өзара бір марапаттар өткізді. Сол марапатталған адамдар туралы жаман сөз айта алмаймын, көпшілігін танымаймын да, бірақ «қазақ киносына қосқан үлесі үшін» «Кино» дәмханасының директорын марапаттау орынсыз. Мұндай шешімді кім қабылдады? Кімдермен ақылдасып шешілген дүние? Шешімді шығарған басқарма ма, әлде басқа адам ба? Әлде басқарма төрағасы Ахат Ибраевтың жеке шешімі ме? Егер шешім шүбәсіз болса, оған қарсылығым болмас еді. Бірақ: «Мен қаржыны, демеушілерді таптым, кімді марапаттау керектігін өзім шешемін» сынды желеу болса, онда өз атынан марапаттасын. Оны неге Одақтың атынан ұсынған? Сондай-ақ, Киносыншылар қауымдастығы да сол жақта өз марапатын өткізді. Онда ертең балық аулаушылар да өздерін «Балық аулаушы-кинематографшылар» деп атасын, сол жақта Одақтың қатысуымен шараларын өткізсін. Одақ төрағасы осындай күмәнді әрекеттерге араласса, Кинематографшылар одағының құрамына кіретін адамдар тобының атынан шығады ғой. Сол адамдарың сенімін ақтау үшін ақыл мен әдептілік болу қажет. Өз еркімен мұндай шешім қабылдауға болмайды. Сол жақта бір нәрсе өз орнына келеді дегенге сенбеймін, сондықтан осы жағдайды әріптестермен бірге талқыға салатын съезд өткізгім келеді.
Басқарманы жинау – өте үлкен мәселе, съездегі кворум – жанды жеріміз. Ал адамдар неге келмейді? Себебі, сенбейді. Одақтың қажеті қанша? Ол ештеңе істемейді. Ол жақта босқа уақыт жоғалтудың қажеті қанша? Менің ойымша, тергеу мәселесі шиеленісіп кетті. Адамдар Кинематографшылар Одағының қызметіне қатыспайды, өйткені ол өзін солай қабылдатқан.
Бір кездері жазда басқарманы жинағанымда, құрметті азаматша Әбікеевадан: «Гүлнар Ойратқызы, сіз неге съезге қарсысыз? Ахат Ибраевтың барлығын заңды түрде жасағаны өзіне де жақсы емес пе, оған ешкім «кетсін, қайта сайлансын, өзін дәлелдеп, жеңіске жетсін, сол кезде қалатын шығар» деп жатқан жоқ қой. Ол кісі: «Қайтадан сол жындыларды жинаймыз ба» деді. Мен таң қалдым да, «Кешірерсіз, сіз әріптестеріңізді қалай атап тұрсыз?» дедім. Әрине, съезд үнемі мінсіз өтпейді, шығармашылық орта болған соң, эмоционалды адамдар көп. Әріптестерге осылай қырын қарағаннан пайда жоқ. Басқарманы жинау – өте үлкен мәселе, съездегі кворум – жанды жеріміз. Ал адамдар неге келмейді? Себебі, сенбейді. Одақтың қажеті қанша? Ол ештеңе істемейді. Ол жақта босқа уақыт жоғалтудың қажеті қанша? Менің ойымша, тергеу мәселесі шиеленісіп кетті. Адамдар Кинематографшылар Одағының қызметіне қатыспайды, өйткені ол өзін солай қабылдатқан. Егер съезге қатыссақ, шулап жүріп, төрағаны таңдаймыз, нәтижесінде олар қайтадан тиын беретін кезекті жалгерді тауып алады да, сол ақшаға Кино үйінің коммуналды қызметін жабады, Одақ аппаратына айлық береді. Ал басқалары ше?
Күрделі жөндеуден соң Кино үйі осындай болмақ. Суретті КО жауапты хатшысы Сатыбалды Текеев ұсынды
Ол жақта неге деректі картиналар көрсетілімі өткізілмейді? Біз Ермек Тұрсынов екеуіміз Ұлттық кітапханада түрлі фильмдер көрсетілімін, пікірталастарды тегін өткіземіз, сол кезде ғана режиссер көрермендермен етене араласа алады. Осыны режиссерлар үшін неге Кино үйінде жасауға болмайды? Немесе, жинала алатын жас кинематографшылар үшін. Иә, олардың ақшалары, мүмкіндіктері жоқ, бірақ идеялары, жастық жалыны бар. Неге барлығы Кино үйінде бас қосып, жобаларын талқылай алмайды? Ол жақта неліктен отандық фильмдер көрсетілімі өтпейді? Жас режиссерлар, сценаристер, қосалқы режиссерлар курсын неге ұйымдастырмасқа? Ол жақта көптеген шаралар өткізуге болатын еді, сол кезде ғимарат кинематографшылармен, осы саладан хабары бар, мұның нағыз Кино үйі екенін түсінетін, өз идеяларын жүзеге асыру үшін келетін адамдармен толығатын еді. Баяғыда осылай болатын. Мен «қарғыс атқан коммунистік кезеңге» қайта оралуға шақырмаймын, дегенмен бар тәжірибеден алыстап кетуге болмас. Кино үйінде кезінде Одақ қызметімен айналысқан адамдар жұмыс істейді. Олар мұны ұйымдастыра алады. Ал олар неге бар жағдайды жасамайды? Себебі, тапсырма жоқ, өйткені басшылық қызығушылық танытпайды.
Қанат Төребай
Басқарманың жазғы отырысында Ахат кино заңын дамытуды басты міндеті санағанын, сондықтан марапаттар мен белгілерге назар аударуға уақытының болмағанын алға тартты. Жақсы, Құдай үшін, барлығы орнымен болса, бізге де жақсы ғой. Бірақ, бұл қандай кино туралы заң? Ол кино туралы қай заңды дамытумен айналысуда? Ол мұны әріптестерімен съезде талқылады ма? Әлде басқарма онымен танысып, өз ұсыныстарын енгізді ме? Басқарма мүшелері: «Иә, Ахат, бұл бізге керек заң. Барлығын тастап, дамытумен айналыс» деді ме? Сондай жағдай болды ма? Болған жоқ. Онда неге ол «кино туралы заңды дамытумен айланысып жатырмын» деп айтады? Әрине, бұл жақсы бастама, бірақ жақсылық жасаудың қажеті жоқ. Біз ол заңда не жазылғанын нақты білмейміз. Оның қол қойылып, жарияланғанынан кейін де не болатыны бізге беймәлім. Көңілімізді қалдырмайды деп үміттенеміз.
Басқарма отырысында 24 ақпан күні Кинематографшылар одағының кезектен тыс съезінің өтетіні туралы шешім қабылданды, жиналыста үміткерлер таңдалып, сайлау өтеді, адамдардың кімді таңдайтынын сол кезде көреміз. Жарғыға сәйкес, үміткерлер 2 апта бұрын Одаққа тіркелулері қажет. Бағдарламалар шығарылып, Одақ мүшелеріне таратылуы тиіс.
Күрделі жөндеуден соң Кино үйі осындай болмақ. Суретті КО жауапты хатшысы Сатыбалды Текеев ұсынды
Мен мынаны атап өткім келеді, өзімді ұсынудан аулақпын. Ерсі қылығым үшін кешірім сұраймын, мен істің адамымын – мамандығым бұл іске бей-жай қарағанды құптамайды. Жағдайға қол қусырып, қарап отыра алмаймын. Қолымнан келгенше, бар жағдайды өзгертуге, жақсартуға тырысамын. Одақтағы жұмыстың тоқтап қалу себебі, үміткерлер мен төрағалардың өз мақсаттарын ғана ойлауында деп ойлаймын. Сайлау алдындағы жаттанды сөздерді барлығы жақсы біледі, ортаға шығып, өз бағдарламаларын ұсынып: Одақтың қызметін өркендетуге, мамандық беделін қайта оралтуға, киноөндірісті жаңғыртуға, т.б. уәде береді. Бірақ, іске келгенде берген уәдесін аз да болса орындаған адам жоқ. Неліктен? Себебі, барлығы келе салысымен, өз мақсаттарын жүзеге асырады. Ең болмаса, құры қарап отырғанша, осылай пікір таластырып, талқылап, барлық кезеңнен өтуіміз керек. Онсыз да тышқанға айналдық емес пе, әрі қарай қайда барамыз?
Превью: Николай Постников
2 пікір
Пікір қалдыру үшін
Arman Assenov
8 февраля 2018, 22:38Союз Кинематографистов РК давно потерял свою функциональность. Согласен с мнением автора, что раньше он жил и мы в нем жили. Там кипела творческая жизнь. Он к сожалению умер. Ахат хороший парень, но думаю наверно надо избирать из числа тех людей, которые помнят и знают как он должен работать. Ведь раньше именнл Союз читал,отбирал и рекомендовал к постановке киносценарии. И без этой инстанции снятькино было невозможно. Союз сейчас нужен Государству. Пора наводить порядок. Кроме нас этого никто не сделает.
Arman Assenov
8 февраля 2018, 22:48Насчет "Закона о кино" тоже согласен, кто его писал и для кого, если мы реально работающие в этой отрасли его ни то что не писали, а даже нечитали. Правильно, Союз-наша трибуна и надо было его именно там обсуждать. И только потом вносить в Парламент. Все с ног наголову