È

«Таиландтағы демалыс»: Қазақи арман

Нұрлан Қоянбаевтың «Таиландтағы демалыс» фильміне пікірнама

Осы аптада Нұрлан Қоянбаевтың «Таиландтағы демалыс» атты жаңа продюсерлік жұмысы көрсетілімге шықты, фильм «Қазақша кәсіп» дилогиясының екі бөлімінің арасында түсірілген. Жеңісхан Момышевтың фильмдеріндегі әзілдері мен бағытына қарама-қайшы болып келетін Ален Ниязбековтың картинасы қазақстандықтардың өміріндегі негізгі құндылықтар туралы баяндайды. Дегенмен, ең алдымен «Таиландтағы демалыс» - отандық киноның жаңашыл тарихындағы ең күлкілі комедиялардың бірі.

«Демалыстағы» шиеленіс ақылға қонымды, бірақ басты үш кейіпкермен байланысады – ешқашан пара алмайтын әрі отбасымен бірге студенттер жатақханасында тұруға мәжбүр болған Қазақстан тарихының қағидашыл ұстазы, сүйіктісімен араздасып қалған романтикалық студент және тыйым салынған шөптерге әуес, жергілікті алып-сатарға ақша қарыз болып қалған әумесер. Міне, осындай түрлі топ Таиландқа тап болады... дәретхананың есігі арқылы.

Қазақстандық көрермендер бір комедияның екіншісінен қандай айырмашылығы бар екенін білу үшін бас қатырып жүр. Мысалы, «Қазаққа ғашық болмаудың 5 себебі» және «Мен - күйеу жігітпін» картиналарының трейлерін салыстырсақ, екі түсірілім тобының бірдей сценарийге жүгініп, бірнеше өзгертулер енгізіп, өз фильмдерін жарыққа шығарғандай әсер қалдырады (ол жақта тіпті, бір монша пайдаланылған сияқты). «Таиландтағы демалыстың» айырмашылығы – ол отандық комедиялардағы канондық элементтерден алшақтап, батыл, есерсоқ голливуд киносына жақындай түскен. «16+» рейтингі де дұрыс қойылған. Картинада тыйым салынған заттар мен алкогольді өнімдер және ашықтау (жасырынған) көріністер бар. Бірақ, бұл дүниелер картинаға кері әсерін тигізбейді.

Себебі, Қоянбаев пен Ниязбековтың фильмі түрлі әзілдерге толы, кейде тым әсірелеп жіберген, дегенмен бұл фильмді көңілсіз етпейді.

Сюжет шапшаң құрылған, фильмдегі жылдамдық асыра сілтенген, бір секундқа да төмен түспейді, осылайша мелодрамалық қосымшалар мен романтикалық тақырыптарға өтімді болып отыр.

Расында, картинаның тартымдылығы мен әзілі Нұрлан Қоянбаевтың кейіпкеріне жүктелген, ол осылайша баяу қалыппен кинодағы ұлттық жаңа батырдың образын қалыптастырады. Серіктестері Қуаныш Жылжақсынов пен Дидар Жексековтың да жұмыстарын атап өту керек, олар толық (экшн-комедия аясында мүмкіндігінше) комедиялық образ жасаған.

Басты кейіпкерлердің курстстарымен болған көрінісі аздап дұрыс шықпай қалған, бірақ оның кемшілігін кейіпкерлердің бірін аңдып жүрген екі бұзақы жасырады. Бұзақылардың бірін фильм сценаристі Әлішер Өтев сомдады, айта кету керек, ол сценаристке қарағанда, дарынды актер болып шықты.

«Тайландтағы демалысты» неліктен «Қазақша арман» деп атауға болады? Спойлерден алыс жүрсе де, соңғы көріністе екі минуттың ішінде фильм авторы көрерменге отандастарының барлық арман-қиялдарын тізбектей жөнеледі, кейде әнші Мақпал Исабекованың рөлі де көрініс табады.

Жалпы, Қоянбаевтың жаңа фильмінен терең мағына іздеудің қажеті жоқ. Ең алдымен, бұл – жарқын картиналарымен, жаңа бейнелерімен және мықты әзілдерімен баурап алатын сапалы отандық комедия.

 

 

Киноға Кәрім Қадырбаев барды

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Геннадий Балаев

Актер

Нұржұман Ықтымбаев

Актер