È

«Класстастар»: Мектеп-ау, мектеп, сені сағындым

 «Класстастар» фильміне пікір

Ернар Нұрғалиевтің айналымға шыққан «Класстастар» картинасы сценарий мен визуалды көзқарас жағынан қазақстандық кинематографқа тән емес ерекше комедия болуға уәде берген болатын. Алайда, барлық үміт ақтала бермейді ғой.

«Шәймен» жасалған сәтсіз тәжірибеден соң, мұғалім Қарлығаш Әшімқызы ауруханаға түсіп қалады. Оның бұрынғы шәкірті, қазіргі әріптесі Әлия бұрынғы сыныптастардың басын қосуды ұйғарады, бірақ мұғалімнің көңілін сұрауға барлығы келе алмайды. Аяқ астынан болған боран 2000 жыл түлектерін ауылдық дәмханада жинайды...

90-жылдар мен 2000-жылдар аралығындағы ұрпақтардың өмірін ресейлік кинематографшылар былтыр жарыққа шыққан «Өмір алда» картинасы арқылы көрсеткісі келген еді. Жалпы, «Класстастардың» басы Карен Оганесянның фильміне ұқсайды (ол жақта сыныптастар мектептегі бір досының жерлеуіне жиналған), ал қалған бөлігін Ернар Нұрғалиев басқаша жасаған, тек көптеген артықшылықты үлкен бір кемшілік жоққа шығарып тастағандай.

Алғашқы көріністерден-ақ «Класстастарды» киноның салыстырмалы визуалды бөлігі ретінде қарастыруға болады. Нұрғалиев көріністерде уақыттан қалып қойған ауылдық жердің ауанын беруге тырысқан.

Мұнда фильмнің басты оғашығы байқалады – бір жағынан, «Класстастар» қалыптас тыс образ бен гротескке құрылса, екіншіден фильмдегі барлық визуалды және мінезді образдар жақсы таныс.

Сөзсіз, бұл жақта Ернар Нұрғалиевтің режиссурасынан бөлек, қоюшы-суретші Әлия Одинаева мен оператор Алехандро Чавестің тамаша жұмысын атап өтпесек болмас. Олар Нұрғалиевпен «Сиситай» мюзиклінде бірге жұмыс істеген.

«Класстастардың» басты мәселесі сценарийде жатыр. Кадрдағы гротеск отандық кинодағы жатық әзілдермен байланысқа түседі. Бұл жақта да Әсел Сәдуақасованың жеке өмірін бір арнаға тоғыстыра алмаған кейіпкері көзге түседі (бұл «30-да күйеуге шығу» мен «Қазаққа ғашық болмаудың 5 себебі» фильмдерінен кейін үшінші рет қайталанып отыр). Сонымен қатар, Алматы мен Астананың жаттанды тақырыптары да кездеседі.

Бір жағынан, сценаристер тобының (титр арқылы олардың бес адамнан кем еместігін байқауға болады) жарқын кейіпкерлер тобын қалай жинағанына таң қалсаң, екіншіден диалогты бөлімді жетеріне жеткізе алмағандығын түсінесің.

Оның үстіне, сюжет желісі соңына дейін бармаған, ал финалды жағы мүлдем түсініксіз, себебі кездесуді ұйымдастырған адамның қалайша қалада барлығын әуреге салатын боранды ойламағанына таң қаласың.

Ал актерлік құрамға келер болсақ, барлығынан озық тұрған - Олжас Жаңабеков, ол Ернар Нұрғалиевтің өзіндік бойтұмарына айналып үлгергендей. Бір жағынан, оның кейіпкері (ауданның бұрынғы найзағайы, ал қазір темекі шегетін мектеп оқушыларын қуып жүрген жергілікті полицей) жалпы атмосферамен тамаша үйлесе кетсе, бір жағынан, актер Марат Достаев пен Қайрат Әділгерей секілді сайқымазаққа айналмай, өз рөлін жақсы алып шықты. Әсел Қалиева да өзін тамаша көрсете білді, тек экранда аз уақыт берілгені болмаса...

Қорытындылай келе, біз шикі сценарийді алға тартқан жарқын әрі ерекше кейіпкерлері бар, визуалды көзқарас жағынан мінсіз болған киноны көреміз. Жалпы, әзіл – жетерлік, оны таразылап та үлгермейсің, сондықтан «Класстастар» әзілінің толығымен болмаса да, жартысының көрермендерге өтетіні даусыз.

 

 

Киноға Кәрім Қадырбаев барды

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер