È

Sunny production компаниясы «Класстастар» комедиясының трейлерін ұсынды

Sunny production компаниясы «Класстастар» комедиясының трейлерін ұсынды

Sunny production компаниясы «Класстастар» фильмінің трейлерін жарыққа шығарды. Сыныптастар туралы комедиялық таспа 2018 жылдың 15 наурызынан бастап көрсетіле бастайды.

Сюжеті мектеп бітірген соң 18 жылдан кейін кездесіп отырған сыныптастар жайлы. Олардың кездесуі жағдайға байланысты шытырманға толы оқиғаға айналады. Бұл кеште барлығы болады: би, ішімдік, алғашқы махаббатты еске алу, құпиялар, қызғаныш пен төбелес.

11 «А» сыныбының бұрынғы оқушыларын Дәурен Айдарқұлов, Әсел Сәдуақасова, Олжас Абай, Рүстем мен Жанаргүл Жаныамановтар, Мәдина Күлсейітова, Әсел Қалиева және Рая Адығанова сомдайды.

Фильм сценарийін Әлішер Утев жазды, картина қойылымымен режиссер Ернар Нұрғалиев айналысты. Екеуі де «Аға ма әлде неке ме» комедиясына және «Сиситай» мюзикліне атсалысқан.

Фильм продюсері Әсел Сәдуақасова болды. Ол Әлішер Утевпен және Ернар Нұрғалиевпен бірінші рет жұмыс істеп отыр.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист

Алексей Пантелеев

Актер