È

Ернар Нұрғалиев: «Сиситай» - Күлше қыз туралы ерекше хикая»

Ернар Нұрғалиев: «Сиситай»  - Күлше қыз туралы ерекше хикая»

Айналымда Ернар Нұрғалиевтің «Аға ма әлде неке ме» дебютті фильмі жүріп жатыр. Бірақ, режиссер жаңа фильмге кірісіп кетті. Алматыда «Сиситай» атты ерекше атауымен мюзикл түсірілуде. Ернар «Бродвей» кинопорталының оқырмандарына жоба және түсірілім жайлы айтып берді.

Сиситай – бұл фильмдегі басты кейіпкердің есімі. Жасөспірім қыз әкесімен және өгей анасымен бірге алаңсыз өмір сүреді. Қыздың керемет дауысы бар, ол әнші болуды армандайды. Бірақ, әкесі оған қарсы болады. Осы сәттен бастап, Сиситайдың шытырманға толы хикаялары басталады.

«Сиситай» фильмінің түсірілімінен сурет

«Мюзиклде махаббат, драма, комедия және трагедия – барлығы бар. Кейіпкерлердің барлығы ерекше әрі жарқын, отандық кинода мұндай кейіпкерлер бұрын-соңды болған емес. Кейіпкерді сүкімді әрі тәртіпті қылып көрсетпедік, керісінше, ол бұзық, ерке қыз. Бұл Күлше қыз туралы ерекше хикая»,-деді Ернар Нұрғалиев.

Картинада Кәмшат Жолдыбаева мен Баян Мақсатқызынан бөлек, жас актриса Әйгерім Мергенбаева және «Алау» бойз-бэнді түсіп жатыр. Мюзиклдің негізгі түсірілімі Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік циркінде өтуде.

«Сиситай» фильмінің түсірілімінен сурет

«Жобамен мықты әрі кәсіби мамандар айналысуда. Көрермендерді жаңа, әдемі әрі ерекше дүниемен қуанту мақсатында еңбектеніп жатырмыз. Қоюшы-оператор ретінде Мексикадан арнайы маманды - Алехандро Чавесті шақырып алдық. Фильмнің музыкалық бөлімімен Бағым Мұхитденова айналысуда, ал нөмірлерді қоюшы қызметіне Мәскеулік хореограф Анна Дельцованы шақырдық. Шынымды айтсам, түсірілім қиындау болып жатыр. Әр көрініс – үлкен еңбек»,-деп қосты режиссер.

«Сиситай» түсірілімі қараша айының соңына дейін жалғаспақ. Ернар Нұрғалиевтің жаңа жұмысын 2018 жылдың наурыз айында бағалайтын боламыз.

Еске сала кетсек, мюзикл Shine production-ның 12-ші жобасы болып табылады, оның бас продюсері - Баян Мақсатқызы(Есентаева).

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер