È

Әлішер Утев актерлармен келіссөздер болмай жатып-ақ «Аға ма әлде неке ме?» фильмінде кімдердің ойнайтынын 80%-ға білген

Әлішер Утев актерлармен келіссөздер болмай жатып-ақ «Аға ма әлде неке ме?» фильмінде кімдердің ойнайтынын 80%-ға білген. Қазақстан киносы

26 қазан күні киноэкранға «Аға ма әлде неке ме?» комедиялық фильмі шығады. Сюжетте Айдар, сүйіктісі Гаухар және қыздың ағалары көрсетіледі. Жігіт сүйіктісінің жүрегін жаулап алу үшін түрлі қиындықтардан өтеді. Картина идеясы Әлішер Утевке тиесілі, ол сценарий жазуға да асталысқан.

«Біз жобаның бас продюсері әрі актриса Құралай Анарбековамен бірге көптен бері бірігіп халыққа жақын, қызықты әрі күлкілі кино түсіруді ойлап жүрген едік. Нәтижесінде аға мен қарындастың қарым-қатынасына тоқталуды жөн санадық. Өйткені, туған мен туысқан ағалар үнемі қарындастарына қорған бола біледі, оларға жақсы жар тауып беруге тырысады. Осындай қарым-қатынасты экрандау Құралай екеуімізге де ұнады. «Аға ма әлде неке ме?» фильмі өз көрерменін табатыны сөзсіз»,-деді Әлішер Утев.

Әлішер алдағы картинаның тақырыбын таңдап болған соң, сценарий жазуды жас авторлар Арыстан Каунев пен Әділбек Сейілханға сеніп тапсырды. Режиссер мен актерлік құрам да жылдам таңдалды. Қоюшысы Ернар Нұрғалиев («Сүйе білсең 2») болды, ал басты рөлді сомдаушылар скриптпен жұмыс істемей тұрып-ақ белгілі болған еді.

«Ернарды Құралай ұсынды. Ол жобаның идеясымен танысып, бірден келісті. Мен басынан бастап-ақ комедияға кімдердің түсетінін 80%-ға біліп жүрдім. Бір қызығы, Нұрлан Сабыровтың қатысатынын да білген едім. Біз бұл жоба басталмай тұрып, бірнеше рет кездестік, ортақ жұмыс істеу туралы да сөйлескен болатынбыз. Ал қолымызда сценарий пайда болғанда, рөлдердің бірі Сабыровқа ұсынылды. Ол да қуана келісе кетті»,-деп қосты Әлішер.

Көрермендер «Аға ма әлде неке ме?» кинотаспасынан танымал актерлар: Әбунасыр Серіков, Мұрат Бисенбин, Дәурен Серғазин, Олжас Жаңабеков және Бауыржан Қаптағайды көре алады.

Еске сала кетсек, алдыңғы жолдары комедияның ресми трейлері мен постері ұсынылған болатын.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер