È

«Сүйе білсең» хикаясы екінші маусымының түсірілімі басталды

«Сүйе білсең» хикаясы екінші маусымының түсірілімі басталды. Қазақстан киносы

Алматыда «Сүйе білсең» хикаясы екінші маусымының түсірілімі басталды. Жалғасының режиссері қайтадан Ернар Нұрғалиев болды. Көпсериялы фильм «Қазақстан» телеарнасынан көрсетіледі.

Екінші маусымдағы сюжет футболшы Дамир айналасында өрбиді. Ол кәсіпкердің қызы Динараға ғашық болып қалады. Жаңа бөлімде екі жастың махаббаттарына деген беріктігі сыналады.

Хикаядағы басты рөлдерді Жандос Айбасов, Қуаныш Керімқұлов, Гүлназ Жоланова және Кәмшат Жолдыбаева сомдайды. Одан бөлек, екінші маусымда жаңа кейіпкерлер пайда болмақ.

Хикаяның экранға қашан шығатыны әзірге белгісіз.

«Сүйе білсең» хикаясының алғашқы маусымы биылғы жылдың мамырында көрсетілген еді, рейтингі жоғары болғандықтан хикаяны жалғастыруды ұйғарады. Жобаның өндірісімен 567 cinema айналысуда.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

18 қыркүйек 2017, 12:49

Толком не успел посмотреть первый, а второй также не успею. Обидно только на канале. А не вютюбе

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер