È

«Сүйе білсең» хикаясының тұсаукесері

«Сүйе білсең» хикаясының тұсаукесері. Қазақстан киносы

20 сәуір күні «Қазақстан» телеарнасында «Сүйе білсең» хикаясының тұсауы кесіледі. Көпсериялы фильм Ринат Сафаров пен Асқар Ұзабаевтың продюсерлігімен «567 cinema» кинокомпаниясы түсірген. Картина режиссері - «Қазақ аруы» хикаясымен жұмыс істеген Ернар Нұрғалиев.

«Сүйе білсең» атты жаңа хикаяның кейіпкерлері – бұл өмірде өз орнын табуға тырысқан жастар. Мінездері мен болмыстары әрі түрлі жастарды тек спортқа деген махаббат қана біріктіреді. Дәл осы спорт олардың түрлі оқиғаларға бірге тап болуына себеп болады.

«Бұл оқиға спортшылар туралы, олардың жеңіске ұмтылысы, махаббаты мен достығы көрсетіледі. Мен хикаяда Айжанды сомдаймын. Ол шығармашылық адамы – жекелігі қалыптасқан суретші қыз. Сюжет бойынша Айжан басты кейіпкерлердің біріне ғашық болып қалады да, оның көзіне түсу үшін барын салады»,- дейді актриса Роза Мұқатаева.

Сондай-ақ, хикаяға актерлар: Гүлназ Жоланова, Жандос Айбасов, Кәмшат Жолдыбаева, Еркебұлан Дайыров, Ербол Семқұлов, Ғазиза Тілеубай, Әбілмансұр Серіков, Нұржан Әбубәкір, Азат Тұрарбеков, Аман Ғұмаров қатысты.

Хикая «Қазақстан» ұлттық телеарнасында жұмыс күндері сағат 21:45-те көрсетіледі.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

27 апреля 2017, 20:42

не успеваю посмотреть, хочу все сначала. пожалуйста, может выложите в Youtube. Было бы отлично и бы вас отблагодарил.

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер