È

«Арман»: Жазаға тарттыру кезінде аяушылық танытуға болмайды

«Арманға» пікірнама

Кезекті отандық фильмнің қандай болатынын білу үшін трейлерді көру міндетті емес. Тек актерлар тізімін білсеңіз болғаны. Афишада аса танымал емес есімдер көрсетілген болса, киноны көруге баруыңыз мүмкін. Ал фильмде отандық ғаламтор немесе эстрада жұлдыздары, жас актерлар ойнаса, көрерменнің аяушылық сезімін тудырып, көңілін қалдыруы да мүмкін. Режиссер Рашид Сүлейменовтың «Арман» атты жаңа жұмысы осыған дәлел болса керек.

Құрман есімді жігіт Арман есімді ғашығымен қыздың атасының үйіне келеді. Жұп келесі айда үйлену тойына дайындалып жүреді. Бақыттарында шек жоқ – Құрман жақында «Астана» футбол клубымен келісім-шарт жасамақшы, ал Арман – табысты мұғалім. Атасы батасын береді де, ғашықтар үйлену тойына дайындалады. Барлығы жақсы болып келе жатыр еді, жұп ұзақ әрі бақытты өмір сүрер ме еді? Тек екеуі мейрамханада бір жылдықтарып атап өтіп, беделді ата-аналары бар бұзық жігіттермен соқтығысып қалмағанда...

Байдың Жако есімді бір баласы достарынан ұтылып қалады да, тілегін орындауға міндетті болады. Достары қызық үшін Құрменмен бірге көрші столда отырған Арманға жақындап, бір күндік түнге шақыруын сұрайды. Осы кезде олар соғыса бастайды, барлығы ажыратуға тырысады. Барлығы ретке келіп, байдың балалары кетіп қалады. Қос ғашық та кетуге ыңғайланып еді, сол сәтте даяшы «мажорлар» тапсырыс берген ішімдіктің ақшасын төлеуді талап етіп, екеуін тоқтатады. Құрман Арманды далада қалдырып (өте «ақылды» шешім), жалғыз өзі мейрамханаға кіріп кетеді. Осы уақытта Жако достарымен бірге бұрыштан өздерінің «Гелик» көлігімен шыға келіп, бойжеткенді күштеп көлікке отырғызып алады. Құрман арттарынан жүгіре жөнеледі, бірақ бұл ғашығы екеуіне көптеген мәселені туындатқызады.

Әрине, фильм авторлары еліміздегі «алтын жастарға» қатысты өзекті әрі маңызды тақырыпты қозғағаны сөзсіз. Байлардың өз мәселелерін заң бойынша емес, «сәке-мәке» арқылы шешетінін көрсеткен. Өмір – қызыққа толы, кез-келген адамның бұзық «мажорлармен» кездесіп қалуы әбден мүмкін. Бұл туралы тек ас үйде ғана емес, үлкен экранда да айтылуы тиіс. Құрман мен Арманның оқиғасы «Адамдар! Бір-біріңізге қамқор болыңыздар!» деген ұранмен барлығына жетіп, «Мұндай жағдайда қалай әрекет етуге болмайды» дегенді түсіндіруі шарт.

Ендігі кезекте, эмоцияны ысырып қойып, «Арман» фильмін көркем туынды ретінде қарастырсақ.

Негізі, байланыс көрерменге басты кейіпкерлер туралы ақпарат бере білуі керек. Олар кімдер, қайдан шыққан және кикілжіңнің басында неге сондай қадамға барды? Біз Құрман мен Арман туралы не білеміз. Жігіт - «Астана» футбол клубымен келісім-шарт жасауға дайындалып жүрген футболшы (алматылықтарға бұл біртүрлі секілді, себебі жақсы футболшыларды «Қайрат» футбол клубы қуана алады ғой), бойжеткен – мектептің адал ұстазы, қысқа ғана диалогта әкімнің бұзық баласын жазалау керектігін айтып қалады. Бірақ, қақтығыс та, футбол жаттығулары да көрсетілмейді, осыдан көрермен Құрманның сөзіне және Арманның өмірге деген көзқарасына сенбеуі мүмкін.

Мажорлар. Олардың ішіп, қыдырып, заңға түкіретіні түсінікті. Алайда, бүкіл фильм бойы көрерменге олардың мақсаттары түсіндірілмейді. Олар өмірде қандай жандар, ата-аналары кімдер? Түсіну мүмкін емес. Айтпақшы, фильмде бір ғана мажордың әкесі көрсетілген, қалғандары жетім секілді немесе байдың бұзық баласы болып көрінуге тырысқан түсініксіз адамдар ма деп қаласың.

Енді спойлерге келейік. Өмірінде бірінші рет винтовканы қолына алған бойжеткеннің дәлме-дәл тура жүрекке тигізе алатыны қызық, сондай-ақ, бірінші рет қолы кісенделген жігіт полицейлерден оп-оңай тапаншаны ұрлап алып, көлікті жылдам жүргізіп, бөтен үйге кіріп, соғысып, ғашығын ауруханаға жеткізе алатыны таң қалдырды. Сонымен қатар, алып қашудан кейін мейрамханада даяшыны ұрып жатқанда, жігітке мекеменің күзетшісі ештеңе деген жоқ. Бір сөзбен, дайындықтан өткен агенттер Смит мырза мен ханым бір бұрышта қалып қойды, өйткені Қазақстаннан шыққан жаңашыл Құрмен мен Арман оларды үш есеге басып озды. Әлде режиссер мен сценарий жазушылардың көрермендерге ғашықтардың жаттығуларын көрсетуге мұршалары болмады ма?

Орыс тергеушісінің (адал ма әлде сатқын ба?) дауы бір жақта қалып қойды, фильмнің басында оқиғаны зерттеп жүрген Береновтың да жақсы әлде жаман тергеуші екендігі түсініксіз. Құрман батырлығынан кейін мүлдем жоғалып кетеді, осылайша басты кейіпкердің рөлінен ығыстырылғандай. Снайперден де керемет оқ ататын Арман өз кезегінде қолындағы винтовкасымен қаланы алаңсыз шарлап жүреді, ешкім оған мән де бермейді. Тіпті, түнгі мекемені түні бойы күзететін (авторлар бұған сенімді сияқты) полицейлер де...

Сюжетті ұзақ қарастыруға болар еді, бірақ кезекте назар аударуға тұрарлық басқа дүниелер бар. Біріншіден, актерлік жұмыс. Олар бар сияқты, бірақ жоқ. Әрине, Жұлдыз Әбдікәрімова тығырыққа тірелген Арманның образын жақсы алып шыққан, бірақ оның қорқынышты фильмде, триллерде, драмада немесе пародияда ойнап жүргені түсініксіз. Қайрат Нұртастың Құрман рөлінен кейін киноға түспей-ақ, керемет, мықты, дарынды туындыларды дүниеге әкелетін әншілік мансабына көбірек көңіл бөлетінінен үміттенеміз. Қайрат өз рөлінде болса, бұл киноға көбірек пайда тиізе алатын еді. Басқа рөлдерді сомдаушылар туралы ату қиынырақ, себебі олардың образдары ашылмай қалды, актерлік шеберлікті көрсететіндей рөл болмады.

Техникалық сәттерде де кемшілік бар. Қуғын мен зорлық-зомбылық тақырыбындағы көріністерді Голливуд операторлары миллион мәрте түсірген, бірақ «Арман» отандық фильмінің авторлары эффектті кадрларды алғандықтан, экшн әлсіреп қалғандай. Дыбысталуында ақау бар, дауыстарын жазған актерлардың кадрдағы сәттерді сезіне алмағандығы байқалады. Сонымен қатар, «Арман» фильмінің авторлары жалықтыратын жарнаманы айналып өте алмаған. Ешкім продакт-плейсменттің жаман екендігін айтып жатқан жоқ. Бірақ, көрерменге әр секунд сайын судың немесе ұялы байланыс операторының атауын көрсете беру - аталмыш сауда белгілері туралы жағымсыз пікірдің қалыптасуына әкеп соқтыруы мүмкін.

Қыркүйектегі отандық тұсаукесерлердің аясында Рашид Сүлейменовтың жұмысы қанағаттанарлықтай көрінеді (кинода ең болмағанда сюжет бар) және дәлел бойынша сценарийлік кемшіліктері, кейіпкерлердің ашылмаған мінездері, ортанқол актерлік жұмыстары мен жарнаманың болуы секілді отандық кинематографқа тән картина ретінде өтімді сияқты. Бізде мұндай кино үшін жазаламайды, дегенмен аяушылық та танытқың келмейді екен.

 

Киноға Альберт Ахметов барды

 

«Бродвей» редакциясы «Арман» фильмінің тұсаукесеріне шақырғаны үшін Kinopark 11 Esentai IMAX кинотеатрына алғыс білдіреді. ​

 

Оцените рецензию

2 пікір

Пікір қалдыру үшін

Ed Akylbay

20 қазан 2017, 15:48

сюжет, мягко говоря, "взят без спроса"

Мырзахмет

23 наурыз 2018, 01:49

Жизнь может сурова, но но судьба еще жестока. И в этом фильме, много непонятного, затянулась игра и смысл был утрачен.

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер