«Арман» фильмінің трейлері
Желіге Рашид Сүлейменовтың «Арман» фильмінің әсерлі трейлері шықты. Картинаға танымал әнші Қайрат Нұртас және жары Жұлдыз Әбдікәрімова түсті. Таспа үлкен экранға 2017 жылдың 12 қазанында шығады.
«Арман» драмасындағы оқиға біздің күнімізде болған. Арман есімді бойжеткен мектеп психологы болып жұмыс істейді, ол сүйіктісімен бақытты отбасы құруды армандайды. Келешегі бар футболшыны кезіктіріп, ғашық болады да, көптен күткен үйлену тойына дайындалып жүреді. Бірақ, дәмханалардың біріндегі кездейсоқ кездесу жастар жоспарының күл-талқанын шығарады. Арман арынан айырылады, енді оған өмір мәнсіз болып көрініп, жүрегінде кек алу жоспары туындайды.
Көрермендер фильмнен Олжас Нұрбаев, Шадияр Абдуллаев және Дархан Манақов сынды актерларды көре алады. Трюктер қойылымымен Kazakh Union каскадерлар тобы айналысты.
Кинотаспа «Қалыңдық» уақытша атауымен биылғы жылдың сәуір айында түсірілген. Фильм түсірумен Kairat Nurtas Production кинокомпаниясы айналысты.







1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Мырзахмет
18 қыркүйек 2017, 12:43О если Қайрат не снимется в этом фильме с таким названием, то это не Кайрат