È

«Питер қоян»: Көршілер соғыс жолында

 «Питер қоян» фильмі жайлы пікір

Батыр қояндар жанұясы қатал қарт Макгрегордың фермасына жақын жерде тұрады және тамақтану үшін соның бағына жиі барады. Олар бір-бірін жек көреді, онысын тіпті жасырмайды да – бір күні шал ұзынқұлақтылар жанұясының басшысын ұстап алып, бәліш жасап жіберген, содан бері кек алу мақсаты өрши түскен. Бірақ, бір күні шал жүрек талмасынан қайтыс болады, ал жануарлар жеңісті күнді тойлайды, енді бақ толығымен олардың құзырында. Алайда, барлығы оңай емес, шалдың мұрагері, Лондоннан келген немересі бар екен. Томас (Донал Глисон) есімді қалалық жігітті жақында ғана ойыншықтар дүкенінен шығарып жіберген болатын, сондықтан ол өзінің жеке дүкенін ашуды армандайды. Томас та жануарларды аса жақсы көрмейді, сол себепті үйді тезірек сатып жіберуге асығады. Осы сәттен бастап көршілер арасында қатігез әрі ымырасыз соғыс басталады.

Негізі, қояндар Роуз Бирн сомдайтын тартымды суретші әйел Беатристің үй жағында тұрады. Айта кетсек, Бирн бұрын «Көршілер соғыс жолында» ессіз комедиясында көршілер қақтығысына түскен болатын, ал Глисон «Қош бол Кристофер Робин» әсерлі картинасында ойдан шығарылған жануарлармен сөйлескен еді. Сонымен, бұл екі кейіпкердің арасында махаббат оты тұтанатынын түсіну қиын емес, оған тіпті Питер қоян да кедергі бола алмайды.

Біздің уақытта сөйлейтін мамық жануарларға кинода орын жоқ сияқты көрінетін шығар, дегенмен «Паддингтон хикаяларының» екі бөлімі табысты шыққан соң, олар экранға қайта оралды. Нәтижесінде, Sony Pictures ұзақ ойланбай, іске кірісті. «Питер қоян» - британдық жазушы Беатрис Поттердің әйгілі ертегілерінің жаңаланған экрандауы.

Фильмде арнайы эффектілерге дауа жоқ, жануарлар әсерлі қимыл-қозғалыстары арқылы шынайы шықты. Ұзынқұлақтылар отбасынан бөлек, бұл жақта жарық жанғанда қата қалатын бұғы, үнемі өміріне көңілі толмай жүретін қораз, джентльмен сынды шошқалар және т.б. жануарлар бар.

Фильм түрлі әзілдерге бай, «Жеңіл жүрісті озат қыз» және «Достық жыныстық қатынас» секілді жұмыстары арқылы танымал картина режиссері Уилл Глик британдық, төменгі және қара әзілдерді бір жерге топтастыра білген. «Питер қоян» шынымен де күлкілі әрі өте көңілді.

Бұл - бір секундқа да іш пыстырмайтын жылдам, жігерлі картина. Сондықтан, назар аудартуы қиын балалармен бірге көруге болатын фильм. Картинада үнемі бір жағдайлар болып тұрады, бір нәрсе құлап, ұшып, жарылып жатады. Сонымен қатар, авторлар мағыналы ой тастауды да ұмытпайды, фильм достықтың, отбасылық байланыстың маңызын түсінуді және қоршаған ортаға махаббатпен қарауды үйретеді.

Жалпы, «Питер қоян» отбасылық көрсетілімге арналған жігерлі, көңілді әрі аңғал фильм. Мүмкін, бұл балаларға арналған кино шығар, үлкендерге аса ұнамауы да мүмкін, дегенмен балақайлардың қуанып қалатыны рас.

Уилл Гликтің «Питер қоян» фильмінің кестесін кинотеатрлар афишасынан көруге болады.

 

 

Киноға Жанкелді Өмірәлиев барды

 

«Бродвей» редакциясы «Питер қоян» фильмінің көрсетіліміне шақырғаны үшін Meloman Entertainment және Chaplin MEGA Park-қа алғыс білдіреді.

 

Оцените рецензию

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Даник

31 наурыз 2018, 22:09

Прикольный мультик))

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Берік Арықбаев

Актер

Ақылжан Мақашев

Актер

Еркебұлан Тасынов

Актер

Меруерт Қасымбек

Актриса

Әділет Әбдірәсіл

Актер

Әсет Әбдірәсіл

Актер

Ахат Ибраев

Режиссер