È

«Анамның сыйлаған қанаттары»: Кедейлер де жылайтын шығар

«Анамның сыйлаған қанаттары» фильмі туралы пікір

Шабыттың қайдан келетінін ешкім білмейді. Біреулерге өмірдегі белгілі бір жағдайлардан соң келсе, енді біріне латиноамерикандық хикаяларды көрген соң келетін сияқты. Екінші нұсқа жуырда қазақстандық айналымға шыққан «Анамның сыйлаған қанаттары» атты жаңа фильмге тән қасиет.

Басынан бастап Дамир дыбыс жазу студиясында рэп оқиды, үзіліс кезінде кезекті дозаны иіскеу үшін дәретханаға барады, осы уақытта бастығына өлеңдердің авторы қажет екенін естіп қалады. Дамир «жақсы өлеңдер жазатын ауылдан шыққан бір жігітті» ұсынады.

Оқиға Алматы маңындағы бір ауылда өрбиді. Әмір есімді жігіт күйеуі Ауғанстан соғысы кезінде қаза болған жесір әйелмен - анасы Қарлығашпен бірге тұрады, өзі мектептің соңғы сыныбында оқиды, өлеңдерді де керемет жазады, осы қасиеті үшін мұғалімі Қанат Оспанұлы бірнеше рет мақтаған, сонымен қатар Динараны (мұғалімнің қызы және Әмірдің сыныптасы) ұнататын секілді. Өмір жалғасып жатыр, Әмір кроссовки сатып алу үшін жұмыс істейді. Жарты сағаттың ішінде Әмірмен (басты кейіпкер) байланысты бірнеше диалогтар мен оқиғалар орын алады, кейіннен ауылға Дамир келеді. Белгілі болғандай, Дамир – Әмірдің туған ағасы екен, ол өз анасына жиі келмейтін көрінеді.

ХХ ғасырдың соңындағы сағызша созылған операларда белгілі бір сюжетті элементтер топтамасы бар – махаббат үштігі, өмірі өлімсіреп жүретін кейіпкер және созылмалы хикаялар. Барлығы байлар мен кедейлердің арасындағы қақтығыс аясында өрбиді. Осыған ұқсас көріністі «Анамның сыйлаған қанаттары» картинасының авторлары ұсынды. Тек махаббат үштігі сұранысқа аса сай емес-ау.

Оның орнына шығармашылық күйзеліс келген сыңайлы. Бірақ мұндай тақырып авторларға «жыламсырап көретін» нәтижені бермейтіні анық.

«Анамның сыйлаған қанаттары» картинасының авторлары бірден терең ой мен мағынаны беруге тырысқан. Көрермендерге көркемдік бағыт арқылы ата-аналарды сау кезінде де, ауру болса да құрметтеп, сыйлауға шақырады, айналадағы адамдар және өзіңмен шынайы болуға үндейді, осылайша фильм авторлары «Оно» атты голливудтық қорқынышты фильмге жауап беруге тырысқандай... Яғни, олардың ойынша өлең жазатын жігіт керемет, тек қыздар оны дарындылығы үшін ғана жақсы көрмейді екен.

Дұрыс әрі ақылды ойлар жақсы ғой, тек оларды қалай бере білу керек? Соны білу қажет. Міне, «Анамның сыйлаған қанаттары» фильмінің авторларында осы мәселе туындап тұр. Біріншіден, басты кейіпкер ақын Әмір драматургия жағынан қарағанда өте қызықсыз кейіпкер болып келеді. Ол адам ретінде мінсіз, өлеңді лезде-ақ шығара салады, тіпті сүйікті қызы да ешқашан тастаған емес. Егер спойлерсіз қарасақ, фильмнің басындағы Әмір мен соңындағы Әмірдің айырмашылығы жоқ. Ешқандай шығармашылық күйзеліс болмады, өткен өмірді жақсартуға бағытталған беталыс та жоқ. Режиссер Қажымұқан Қалымбетовтың мұндай туындыға неге түсірілім тобының және актерлардың соншама күшін сарп еткені (фильмді бір жарым жыл дайындаған), қаржыны (бюджеті 15 миллион теңгені құраған) жұмсағаны белгісіз, тіпті көрермендерді қызықтыруға талпынғаны – жұмбақ.

Оның орнына кейіпкер Дамир қызығырақ секілді. Ол өмірінде бір нәрсені өзгерткісі келеді, есірткіге әуес болғандықтан, қылмыс әлемімен байланысқан, бірақ сценаристердің неліктен оны екінші орынға қойғаны түсініксіз. Әрине, Дамир туралы фильм түсірсе, авторлар адал жолға түсуге тырысқан нашақордың өмірін суреттейтін еді. Қарабайыр сюжет пе? Әрине. Отандық кинематографшылардың қылмыс туралы сүйікті тақырыбы ма? Сөзсіз. Бірақ, осылай болғанда картинада бір логика болар еді.

Ал әзірге фильмнің басты дүниесі - оқиға болған жылдың әсерлі шыққандығы. Бұл 90-жылдардың басында болған секілді, бірақ қоюшы-суретші Данияр Қыдырханның кейіпкерлердің бет әрлеуіне қатысты жұмысы ойластырылмағандай... Дегенмен, картинаға деген қызығушылығыңыздың төмендеп кетпеуі үшін режиссерлар мен сценаристердің кейбір сюжеттерді ұмытып кететіні сияқты, біз де жауабын құпия түрде қалдырайық.

Ал актерлік ойын туралы бірдеңе деудің өзі қиын. Әлгі Әмір деген бала, яғни Санұржан Сүлейменов кастингтерді шатастырып алғандай, сұлу жүзділер байқауына барамын деп жүріп, киноға тап болған сияқты. Өйткені, кадрда болғанымен ойнай алмайды.
Нышанбек Жұбанаев үнемі өмірдің ауырпашылығын көрген, қайғылы жанды бейнелейді, бірақ сырт көзге қарағанда мүлдем басқаша көрінеді: актер түсірілім барысында құдды бір дәретханаға барғысы келіп тұрғандай әсер қалдырған. Ал Еркен Губашев өзін абыройлы ұстады, бірақ авторлар оған мұғалімнің рөлін ғана берген, бұл образбен өзіңді аса көрсете алмайсың. Фильмдегі бойжеткендердің бірі Жания Қалиева несімен есте қалды... Негізі, Санұржан Сүлейменов туралы тағы бір рет оқып көріңізші.

Фильмнің жетістігі ретінде Рүстем Жанғазиев пен Біржан Ескендірдің операторлық жұмысын атап өтуге болады. Камера дірілдемейді, ракурстар да орынды, Медеу айналасы да 90-жылдардың бейнесін дәл көрсеткендей. Журналист, суретші, фото-бейне-оператор, ақын, копирайтер, PR-маманы Ержан Әшімов фильмге әсерлі өлеңдер жазған, бұл картинаның мықты тұстарының бірі.

Жалпы, «Анамның сыйлаған қанаттары» фильмі үнемі маңызды әрі әсерлі тақырыпты көрсетуге тырысатын, бірақ нәтижесі ойдағыдай болмайтын отандық фильмдерді көз алдыңа елестетеді. Осы сынды фильмдерді түсіру сәні қашан аяқталатыны белгісіз. Ал әзірге рухани азық алу үшін ескі классикаға жүгінуге тура келеді.

 

 

Киноға Альберт Ахметов барды

 

«Бродвей» редакциясы «Анамның сыйлаған қанаттары» фильмінің көрсетіліміне шақырғаны үшін Alatau Film кинокомпаниясына, S­ulpak Cinema компаниясына және Kinopark кинотеатрлар желісіне алғыс білдіреді.

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Алексей Пантелеев

Актер

Асылхан Төлепов

Актер