È

«Кухня. Последняя битва»: орыс ассортиі

«Кухня. Последняя битва» фильміне арналған пікір

«Кухня» хикаясын ресейлік телевизия мамандарының сапалы жобасы деуге болады. Сондықтан, «дәмді оқиғаның» киноэкранға шығуы уақыттың еншісінде болған-ды. Режиссер Дмитрий Дьяченконың («О чем говорят мужчины?», «День радио») «Кухни в Париже» туындысы көрерменнің осы тақырыпқа қатысты қызығушылығын арттыра түсті. Осындай табыстан кейін оның жалғасын түсірмеу күнә болар еді. Бұл жолы режиссерлік орын екі «асханалық» хикаясының қоюшысы Антон Федотовқа берілді.

«Кухня. Последняя битва» фильмінде танымал бас аспаз Виктор Баринов көрермендерге қарапайым зейнеткер ретінде ұсынылады. Ол зәулім үйінің ауласында омарта ұстайды, әйелі Елена Павловна оған үй жұмыстарын істеуді бұйырады, ал қызы мен немересі ұйқы бермейді. Барлығы Ресей Президенттігі әкімшілігінен «сиқыршының» тікұшақпен келуі өзгертеді. Ол Бариновқа аспазшылар арасында өтетін әлемдік Чемпионатқа қатысуын бұйырады. Өйткені Ресей әлемдік форумға қатысып жатқандықтан, қалайда осы жарыста жеңіске жетуі тиіс.

Бір қарағанда барлығы керемет көрінеді. Бұрынғы топ мүшелері қайтадан бірікті, бас аспаз қатал әрі ақкөңіл, Дмитрий Нагиев өзінің рөлінде жүр. Осындай жағдайда дежавюді болдырмау, яғни, көрерменге «осыны бір жерден бұрын көрдім» деген ой тастамау мүмкін емес. Таңбалары әр эпизодтарында сыр беріп қояды. Ол бірнеше сюжет желісінен, кейбір әзілдерден байқалады.

Керісінше, сатираға қатысты бірді-екілі тың идеяларды және титрдан кейінгі күтпеген твистті атап өтуге болады. Жалпы, картинадағы әзілдер жоғары бағаға лайықты. Қалжыңдар белден төмен деңгейге түсе қойған жоқ әрі балалар ертеңгілігінде айтылатын жеңіл сайқымазаққа да айналмады. «Кухня. Последняя битва» көрсетілімінее барған әр адамның күлкіге қарық болатыны сөзсіз. Бұл комедияға қатысты білуге тиісті нәрселер осы секілді.

Заманауи әлемде қыздарды өзіне қарату жағынан шеберлік көрсететін Бариновтың ұлы хакер Ваня болады. Әрине, шынайы өмірде кинодағыдай керемет бола бермейді ғой. Дегенмен, көрермен кинодан қыздармен немесе жігіттермен қалай сөйлесу керектігін үйреніп, өздеріне қажетті ақпаратты ала алады.

Режиссер Антон Федотов телевидениедегі ережеден ауытқи отырып, толық метрдегі алғашқы тәжірибесі болғандығына қарамастан, өз жұмысын жоғары деңгейде атқарып шықты.

Актерлік жұмысқа қатысты айтар болсам, барлығы жақсы. Бас аспаздың тобының мүшелерін ойнайтын актерлар өз жұмыстарын адал атқарып шықты. Өзіне тән емес рөлді сомдаған Дмитрий Нагиев те көңілден шықты. Жалпы, оған «Кухня» фильмінде ойнағаны үшін «спин-офф» атағын беру керек сияқты.

Бірқатар сұрақтарды франшизаның жаңа адамдары туғызады. Жас әрі сексуалды Анфиса Черныхтың сенімді образға қатысты қиындықтары туындай береді. Мүмкін, сценаристер анық-қанығын жазбай, оның образына салқындық танытқан шығар. Актриса да жазылған мәтінді қарапайым түрде орындап шыққан секілді. Тек бойжеткен түсініксіз жағдайларда тәнін жалаңаштаса болды, барлық мәселе шешіле кететіндей әсер қалдырды.

«Жаман жігіттің» рөлін, хакер Иванды Кирилл Ковбас сомдады. Актердің Анфисамен бірге орындаған көріністері жақсы шыққан. Алайда, Олег Табаков, Дмитрий Назаров және басқа да актерлердің қасында актер балабақшаның бірінші немесе екінші курс студенті секілді көрінеді.

Ал жағалаудағы әдемі көріністер үшін операторға бөлек қол соғу керек. Музыкалық әрлеу есте қала қоймайды. Тек фильм барысында америкалық және еуропалық композициялардың орындалғаны жақсы әсер қалдырды. Мүмкін, барлығын алдын-ала құқық иеленушілермен келісіп қойған шығар.

Жалпы, комедияның және заманауи романтизм мен гротесктің әдемі жиынтығы пайда болғандай. Барлығы бір-бірімен шебер қиылысқан, бұл фильмді әр түрлі жастағы көрермендерге қызықты әрі мықты етіп көрсетеді.

«Кухня. Последняя битва» ресейлік комедиясының көрсетілімін өз ыңғайыңызға қарай кинотеатрлар афишасынан таңдай аласыздар.

Киноға Альберт Ахметов барды

«Бродвей» редакциясы «Кухня. Последняя битва» фильмінің көрсетіліміне шақырғаны үшін «Меломан» компаниясына және «Bekmambetov cinema» кинотеатрына алғыс айтады.

Оцените рецензию

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

23 наурыз 2018, 02:03

Опять это кухня, ну пора прекратить этот дурдом. Все, что есть в этом сериале, не правда.

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер