È

Бриджиттің өміріндегі жаңалықтар

Бриджиттің өміріндегі жаңалықтар

Уақыт қалай зымырайды! Жақында ғана Бриджит Джонс жайлы оқиға экранға шыққан секілді еді, содан бері де 15 жыл өтіп кетіпті, енді прокатқа франшизаның үшінші шықты.

9 мамыр, кешкі уақыт,Бриджит Джонстың (Рене Зеллвегер) 43-інші туған күні, ол әдеттегідей туған күнінде жалғыз. Ол өзінің күнін мұңайып еске түсіреді – сағат таңғы 6-да анасы Памеланың (Джемма Джонс) қоңырау шалуы дәстүргі айналған, ол міндетті түрде балалы болу керек екенін есіне салады. «Hard News» телебағдарламасындағы әріптестерінен торттың бетіне балауыз шамдар әрең сыйып тұр. Өзінің бұрынғы бастығы, жігіті Дэниэл Кливерді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі (Хью Грант), сол жерде ол өзінің бұрынғы махаббаты заңгер Марк Дарсиді (Колин Ферт) кездестіреді. Марк мұнда әйелі Камилламен (Агни Скотт) келген. Бриджиттің барлық дос қыздарының өз шаруалары, жоспарлары бар. Ол үнемі жалғыз қалады. енді ол өзін телеарнадағы жұмысына толықтай арнағысы келеді. «Неліктен бәрі қайталанады? Шаршадым», – дейді бас кейіпкер.

«Бриджит Джонс күнделігі» шыққалы талай уақыт өтті. Енді кейіпкер өзінің жазбаларын смаортфонға жазады, Gangham style билейді, 30 жастығлармен бірге жұмыс істейді, әнші Эд Ширанның қандай екенінен хабарсыз, өзінің жас бастығына мойынсұныға мәжбүр. Ол бұрынғыдан ақылдырақ, дана әйел болып көрінеді. Бірақ ол іштей дәл бұрынғыдай табиғаты сезімтал, Марк Дарси атты жігіті бола тұра тартымды жігіттерді ұнатады, франшизаның өткен фильмдерінде ол сол жігітпен бірге қалған болатын. Осы фильмде олар бірге бола ма, ол туралы құпияны ашпай-ақ қоялық, бірақ франшизаның үшінші бөлімінде Бриджиттің өмірінде біраз өзгерістер болады.

«Бриджит Джонс 3» фильмін түсірушілері бұған дейінгі фильмдеріне құрметпен қарағаны үшін көрермендердің ризашылығына бөленіп, көп алғыс алды. Бұған таңғалатын ештңе жоқ – өйткені режиссерлықты Шэрон Магуайр қолға алды, ол ең алғашқы фильмге режиссерлық еткен болатын.Барлық актерлық құрам, фильмдегі рух, франшизаның басты ерекшеліктері сақталған, бұл біздің заманымыз үшін сирек құбылыс. Бұл жерде ескі кадрларды көрудің өзі қуаныш. Актерлердің жас кезін көруге мүмкіндік берген. Осы жолы Рене Зеллвегер режиссердың сұрауымен өзінің атақты рөлі үшін салмақ қосып әуре болған жоқ.

Режиссер Шэрон Магуайр Бриджит туралы алғашқы фильмдегі әдістерді қолданды, мұнда әзіл мен романтикалық көріністер аралас.Тағы да әйелдерге қандай еркектер ұнайда деген сұрақ төңірегінде дау туады – жасымайтын Дэниэл немесе Джек (Патрик Дэмпси) – әлде үшінші фильмдегі Бриджиттің таңдауы тұрақты, бірақ жалқытырып жіберетін Маркқа түсе ме? «сен адам таңдағанды өзіңе ұқсамайтындығына қарайсың ба, әлде ол саған жақын болуы керек пе», – ол өзінің шарттарын түсіндіруге тырысады, осы арқылы ол өзінің кімді сүйетінін түсінеді. Осындай екіұшты ойлары фильмнің соңын одан әрі күткізеді. Авторлар бүкіл фильм барысында интриганы сақтай отырып, нәзікжандыларға қандай еркектер ұнайды деген сұраққа нақты жауап береді,Және де қыздар режиссердың ұсынған жауабын қолдайды. Бірақ олар қарапайым өмірде мұны ашық мойындамайды.

Картинаның музыкамен әрленуі әдеттегідей жоғары деңгейді. Селин Дионның мұңды әуені және Jess Glynne ырғақты компазициясы болып жатқан оқиғаға сәйкес. Әзіл, философия, романтика фильмде теңдей бөлінген, сондықтан ешкім де зерігіп кетпейді. Тіпті әйелдердің оқиғасын аса жақтыра бермейтін еркектердің өзі Бриджит Джонс туралы алдыңғы екі фильмді көргені анық. Айтпақшы, таң қалмаңыздар, англо-америкалық фильмде қазақ киізүйлерін көре аласыздар. Бұл сценарист Дэн Мазердің әсері болса керек,ол кезінде Саша Барон Коэнмен серіктес болған.

Бриджит Джонс образы өзіне өзі жұмыс істейді. Адамдар оның болмысы қандай, сол қалпында , артықшылықтарымен, барлық кемшіліктерімен жақсы көреді. Сондықтан кейіпкерлердің барлығын бұрыннан көрерменге таныс актерлердің ойнауы көрерменге өте жеңіл болды. Барлық рөлдердің орындаушылары өздерін өте ыңғайлы сезінеді. Рене Зеллвегер және оның серіктестері көрерменді күлдіреді де, жақсы көңіл-күй сыйлайды. Өйткені адамдар киноға жақсы көңіл-күй үшін барады емес пе?

«Бриджит Джонс 3» жалпы алғанда романтикалық комедия ретіндегі міндеттерін толықтай орындады. Режиссер мен сценаристер барлық физиологиялық сәттерді барынша астарлы бере білді, әйелдерге де, ерлерге де көруге өте тартымды, психологиялық тереңге батырмайды, драматизммен жалықтырмайды. Бұл картинаны ремейкті жақсы көретіндерге ұсынуға әбден болады.Алғашқы режиссермен жұмыс істеу бақыты екінің біріне бұйыра бермейді. Ал қарапайым көрерменге кииноға барып, баяғыда ұмыт болған оқиғаның жалғасын тамашалау ғана қалды.

 

Киноға барған Альберт Ахметов

 

«Бродвей» редакциясы «Бриджит Джонс 3» фильмінің көрсетіліміне шақырғаны үшін Sulpak Cinema кинокомпаниясы мен Lumiera Cinema (ЦУМ) кинотеатрына алғыс білдіреді.

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер