È
Кіру
Парольді ұмыттыңыз ба?

или войти

  • через Фейсбук
  • через Твиттер
  • через Вконтакте

Аккаунт жоқ па?Тіркелу

Қолданушы келісімі

Келісім шарттарымен таныстым

Тіркелу
+7
Пожалуйста, оставляйте реальные данные, чтобы мы могли помочь вам в случае возникновения проблем работы сайта.

или войти

  • через Фейсбук
  • через Твиттер
  • через Вконтакте

Аккаунтыңыз бар ма?Кіру

Парольді қалпына келтіру

Жоқ, рахмет.Мен парольді есіме түсірдім

Казахстанский Бродвей
Кинотеатр
Қазақстан киносы
  • Әлемдік кино
Онлайн қарау
Жаңалықтар
  • Қазақстан кино жаңалықтары
  • Әлемдік кино жаңалықтар
  • Тұлға жаңалықтары
Кастингтер
Мақалалар
  • Сұхбат
  • Пікірнамалар
  • Пікірлер
  • Бағандар
  • Бродвей таңдауы
Рейтинг Афиша Тұлғалар Тесттен өту
Ру
Бродвей
  • Онлайн қарау
    • Қазақстан киносы
    • Әлемдік кино
  • Киноөндіріс
  • Тест
  • Тұлғалар
  • Рейтинг
Кастингтер Дүкен Кинотеатр Афиша
Жаңалықтар
  • BrodLive
  • Қазақстан кино жаңалықтары
  • Әлемдік кино жаңалықтар
  • Тұлға жаңалықтары
Мақалалар
  • Сұхбат
  • Пікірнамалар
  • Пікірлер
  • Бағандар
  • Бродвей таңдауы
  • Өткенге шолу
  • Тесттен өту
  • Cтатьи
  • Пікірнамалар
  • «Оралман из Питера»: Музыканы қайтарыңдаршы

«Оралман из Питера»: Музыканы қайтарыңдаршы

  • 10 Апреля, 2017
  • Мадина
  • 2 127
  • 0
«Оралман из Питера» фильмі туралы пікір

Араларын бір апта бөліп тұратын екі отандық фильм музыканттардың продюсерлігімен жарыққа шықты. Бірі - Сиви Махмуди мен Ренат Баситтің бейнелерін ғана көрсету үшін түсірілгендей әсер қалдырған «Соқыр махаббат» фильмі болса, енді бірі киноға аздап ұқсайтын «Оралман из Питера» музыкалық комедиясы.

Сюжет бойынша ауылдан келген үш музыкант ауыл клубына арналған жаңа аппаратура сатып алуға (әкімнің тапсырмасымен) Алматыға келеді. Алайда, Қырғызбек есімді жасы үлкен кісі құмар ойындарының алдында дәрменсіз болып шығады да, үшеуі қомақты қаржы қарыз боп қалады. Қарыздан құтылудың жалғыз жолы - музыкалық байқауда жеңіске жету. Бірақ, үштік байқауға өту үшін қастарына әнші қыз алулары керек болады.

Кейде мін таға алмайтын, мақтауға да болмайтын картиналар болады. Осындай фильмдердің бірі - клипмейкер Ален Ниязбековтың дебютті жұмысы «Оралман из Питера». Музыкалық комедияның кем-кетігі мен артықшылығы бір-бірін толықтырып тұрғандай. Бұрынғы КТК ойындарының қатысушылары жасаған Ниязбековтың картинасы жақсы әзілдерге қарамастан солғын көрінеді.

Негізінде, туынды жаман емес. Әйгілі «Бременские музыканты» (бұл жерде шынайы ертегі емес, нақты кеңес мультфильмі) картинасына ұқсас келеді. Тіпті, фильмде бұзақылар да бар (казино күзетінің бейнесінде). Басты мәселе мынада боп тұр: «Оралман из Питера» фильмінде музыкалық номерге басымдық беріп, басты рөлдерге ән айта алатын музыкант актерлерді алу керек еді деп ойлайсың.

Дәурен Айдарқұлов, Қуандық Шәкіржанов пен Асан Мәжит картинаның комедиялық бөлімдерін жақсы алып шықты. Динара Бақтыбаева романтикалық образды тамаша ойнап шықты. Дегенмен, музыканттар туралы кинода музыкалық элементтердің болуы, олардың керемет орындалуы шарт. Әлемдік кинода мұндай мысалдар көп, ал отандық фильмдерді алатын болсақ, Баян Есентаеваның «Ғашық жүрек» картинасында Мөлдір Әуелбекова мен Жанар Дуғалованың вокал шеберлігі және сахнада ән орындауы қойылымдағы, сюжеттегі, техникалық бөлімдегі кемшіліктерді жасырып қалған болатын.

«Оралман из Питера» фильмінде актерлік құрамның басқа біреудің дауысымен (фонограммаға ілесе алмай) ән салып жатқаны бірден білінеді. Екіншіден, эстрадада өнер көрсетуден тәжірибесі жоқ. Сол себепті, кейіпкерлер көрерменді сендіре алмайды. Әрине, олардың сүйкімді, күлкілі (әсіресе, көп қалжыңдай білетін Қуандық Шәкіржанов) екендігі даусыз, бірақ таң қалдыра алмасы анық.

Фильмнің тағы бір кемшілігі - түсініксіз кадрлардың болуы. Кино атауының негізгі мазмұнына түк қатысы жоқ сияқты.

«Оралман из Питера» киносының аталған кемшіліктерге қарамастан, жеңіл комедия екені даусыз. Картина тіпті, отандық нарықтың бір жаңалығы іспеттес. Тек осындай керемет қызықты сценарий бола тұра, тәжірибелі клипмейкер мен музыканттың музыкалық қойылымдарға келгенде ақсап жататыны өкінішті. Соның кесірінен, туынды көрермен есінде әзілден басқа ұзаққа сақтала қоймайды-ау.

 

Киноға Кәрім Қадырбаев барды

Оцените рецензию

  • 10 Апреля, 2017
  • Мадина
  • 2 127
  • 0

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Смотреть онлайн

Старик

Таныс бейне

Санжар Мәди

Актер

  • Фейсбук
  • Инстаграм
  • Вконтакте
  • Твиттер
Бродвей

«Бродвей» кинопорталы - қазақстандық кино қайраткерлерді және олардың шығармашылығын насихаттайтын, киносүйер қауымды біріктіретін Казнеттің бірегей жобасы

  • info@brod.kz (барлық сауалдар бойынша)
Ракетті фирма

© 2012–2026 Бродвей

  • Жарнама