«Махаббатпен»: Егер қалтаңда бір уыс болса...
Отандық айналымға «Махаббатпен» жаңа қылмыстық комедиясы шықты. Өкінішке орай, фильмде махаббат көрінісі өте аз, есесіне жергілікті мафияға бумеранг секілді қайта оралатын жасанды ақша оқиғасы бар. Александр Гольцевтің картинасы өз киносын қалай сатпау керектігін көрсетуімен құнды.
Оқиға жоғары сыныптағы Русланның Светаға ғашық болуынан басталады. Ол өз кезегінде әкесі және өгей шешесімен бірге Канадаға емес, Мәскеудегі әжесіне барғысы келеді. Света Русланға 10 мың долларға өзінің пәктігі мен үш күндік қарым-қатынасын сыйлайтынын айтып, шарт қояды. Руслан Света үшін ақшаны сыныптасы Беріктің ағасынан алудан басқа амал таппайды. Фильм барысында жас кейіпкерлердің алғашқы кездегідей қарапайым және аңғал еместігі байқалады.
Отандық кинода екі түрлі шектен шыққан ұстаным бар: біріншісі - алтын тиындарымен түсірілген қазақтың «байсымақтары», екіншісі - соншалықты арзан дүние, құдды бір аш студенттер сабақтың ортасындағы үзілісте телевизиялық камераға фильм түсірген сияқты әсер қалдырады. «Махаббатпен» фильмінің трейлері мен постерін батыл түрде екінші топқа жатқызуға болады. Жарнамадағы түсініксіз баяндау, алдамшы және немқұрайлы қадамдар, ұялы телефонның графикалық қосымшасында алдын ала орнатылған афиша көрермендердің назарын аудартудың орнына, фильмге деген қызығушылықты жояды.
Сонымен бірге, Гольцев қылмыстық комедия тұрғысынан қарағанда жеткілікті деңгейде төзімді, әзіл мен гротекс кездесетін, күтпеген оқиғаларға толы, логикаға да, оқиғаға да қайшы келмейтін фильм түсірді.
Әзілге келетін болсақ, қазақстан киноларындағыдай біркелкі емес, бірақ фильмде бірнеше есте қалатын жайттар бар. Фильмнің продюсері Фархат Әбдірайымов өзіне әлдеқайда көңілді, алманы және әзілді жақсы көретін қылмыс әлемі өкілінің рөлін таңдаған. Елдің ең танымал актерлерінің бірінің табиғаты Гольцев жасаған бейнеге сәйкес келеді.
Шектен тыс әсерлі бейнелерден кейін («Ауылдан қашу: «Махаббат» операциясы» және «Рэкетир 2») кинода Максим Акбаров өзін жолы болмаған бұзақының рөлінде сынап көреді. Әсіресе, оның «Соңғы бойскаут» туралы монологы сәтті шықты, режиссердің осы ұтымды тұсты кейіпкермен басқа сахнада қолданбағаны өкінішті.
Ал Әбдірайымов және басқа да актерлардың арасында дебютанттар Әлішер Түлтаев пен Мария Королева әлсіздеу болып көрінді. Камерамен, мәтінмен жұмыста тәжірибенің жеткіліксіздігі байқалады. Жастар жеке сахналарда мәтінде қателіктер жіберіп отырды.
Картина техникалық жағынан әлсіздеу болды. «Махаббатпен» фильмінің өңделген монтажы толықметражды фильмнен гөрі, кішігірім авторлық жұмысқа ұқсайды. Картинаның қаржысы кейіпкердің қолына берілген ақшадан артылмаған сияқты сезіледі. Хикая жаман шықпағанымен, техникаға және жарнамаға көбірек көңіл бөлінгенде, бірыңғай үйлену жайлы комедияның қатарын толықтыратын еді.
Киноға барған Кәрім Қадырбаев
Оцените рецензию






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін