È

Әлішер Түлтаев «Махаббатпен» фильміндегі басты рөлге қалай ие болғанын айтып берді

Әлішер Түлтаев «Махаббатпен» фильміндегі басты рөлге қалай ие болғанын айтып берді

25 қаңтар күні қазақстандықтарға «Махаббатпен» қылмыстық комедиясы ұсынылады. Басты кейіпкер – бойжеткен үшін басы бәлеге қалған мектеп түлегі Русланды халықаралық қарым-қатынастар маманы Әлішер Түлтаев сомдады.

Әлішер «Махаббатпен» жобасының кастингі туралы «Ең сұлу қыз» фильмінің түсірілімі кезінде білген. Жас жігіт көп ойланбай, лезде өзі жайлы мәлімет жібереді де, жауабын тағатсыздана күтеді.

«Бірнеше күннен кейін маған картина режиссёрі Александр Гольцев хабарласып, сынамаға шақырды. Ол басты әйел рөлінің сынамасымен қатар өтті. Қуанышқа қарай, мен Мария Королёвамен бірге қатысатын болдым. Біз барлық үміткерлердің арасынан бірінші болып бар өнерімізді көрсеттік те, режиссёрдің ойынша, басты рөлдерге лайықты жұп атандық. Мен мектеп бітірушісі Русланды сомдадым. Кейіпкерім қарапайым жігіт, оған Света назар аудара қоймайды. Бірақ, қысылтаяң шақтарда ол өз-өзіне сенімді болып, жақын жандары үшін барлық қадамға бара алады. Бір жағынан, ол әлі де бала сияқты, кей әрекеттеріне жауап бере бермейді», - дейді Әлішер Түлтаев.

Фильм сюжеті бойынша Руслан Светаны жолықтырып, ғашық болады. Осылайша, қыздың жүрегін ақшаның көмегімен жаулап алуды ұйғарады. Жігіт қылмыскерлерден қомақты қаржыны қарызға алады да, қауіпті ойынға тап болады.

Жас актер үшін қылмыстық комедия кинодағы алғашқы үлкен рөлі болды. бұрын отандасымыз эпизодтарға қатысқан еді.

«Мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқып, «Халықаралық қатынастар» мамандығын иелендім. Ұзақ уақыт бойы дипломат болуды жоспарладым. Бірақ, кейін актёр болғым келді. «Махаббатпен» фильміндегі рөлдің алдында түсірілімдерде әкімшілік қызмет атқардым, сонымен қатар қысқа метрдің режиссёрі болдым, фотограф та, фотомодель де атандым. Сондай-ақ, толықметражды фильмдерде бірнеше эпизодтық рөлдерді ойнадым. Мен өзімді актерлік салада сынап, осы бағытта дамуды ұйғардым. Өткен жолым болашаққа жақсы тәжірибе сыйлады. Әрдайым объективтің екі жағында да болып көрген пайдалы ғой», - деп қоса кетті актер.

Әлішердің айтуынша, түсірілім алаңында достық қатынас орнаған. Оған басқа актерлармен жұмыс істеген жағымды көңіл күй қалдырды.

Айта кету керек, Әлішер Түлтаевпен және Мария Королёвамен бірге «Махаббатпен» картинасына Фархат Әбдірайымов, Роман Альманский, Гүлнар Сильбаева, Максим Акбаров және Жандос Айбасов түскен.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер